• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
02 Тамыз, 2011

Астанада тағы әлем чемпионаты

309 рет
көрсетілді

Жексенбі күні Астанада өткен Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы атқарушы комитетінің кезекті мәжілісінде бокс­тан 2013 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионатын қабылдайтын ел белгілі болды. Мәжілісте аталған ұйым мү­шелеріне Қазақстан Бокс фе­де­ра­циясының вице-президенті, АІВА атқарушы комитетінің мүшесі Серік Қонақбаев еліміз­дің ересектер арасындағы әлем­дік дода­ны өткізуге әбден лайық екенін дәлелдеп, көрсету үшін арнайы әзірленген тұсаукесер рәсімін өт­кіз­ді. Осыдан кейін АІВА мүше­лерінің бірауызды келісімімен еліміз келесі әлем чем­пионатын қабыл­д­айтын ел болып шешілді. Соны­мен бірге мәжі­лісте Алматы об­лысында Бүкіл­әлем­дік бокс ака­демиясының құ­рылысын жүр­гізу мәселесі қарал­ды. Жиынға қаты­сушылар тамыз айының соңы мен қыркүйек айы­ның басында акаде­мияның құры­лысын бастау туралы келісімге келді. Осы күні 2011-2012 жылғы маусымға арналған Бүкіләлем­дік бокс сериясының (WSB) жеребесі тартылды. Енді командалар бұ­рын­ғы­сынша төрт құр­лық­қа бө­лін­бей­тін болды. Командалар екі топқа бөлініп, әр топтан төрт құ­рама келесі айна­лымға шығатын болып шешілді. «Аstana arlans» клубы «А» то­бына түсті. Бізбен бірге бір топта «Dinamo Moscow» (Ресей), «Milano Thunder» (Италия), «Po­hang Poseidons» (Корея), «Los Angeles Matadors» (АҚШ), «Mum­bai» (Үн­дістан). «В» то­бын­да «Istabbulls» (Түркия), «Pa­ris Uni­ted» (Франция), «Beijing Dra­gons» (Корея), «Baku Fires» (Әзербайжан), «Mia­mi Gallos» (АҚШ), «Germany» (Германия) клуб­тары бар. Мәжілісте тағы АІВА-ның жаңа Professional Boxing (АРВ) жобасы талқыланды. Бұл жоба боксты дамытып, спортшы­лар­дың әлеуметтік жағдайын шешуге арналған. Жоба Лондон Олим­пиадасынан кейін, яғни 2013 жыл­дың қаңтар айында баста­ла­ды. Онда жекпе-жектер 10 сал­мақ­та, 3 деңгейге бөлініп өтеді. Халықара­лық деңгейде – 12 раунд, құр­лық­тық деңгейде – 10 раунд, ұлттық деңгейде 8 раунд болады. АРВ-да АІВА-ға мүше ұлттық фе­дерациялардың бокс­шы­лары қа­ты­сады. АРВ рейтингіндегі үздік боксшылар 2016 жыл­ғы Олим­пиадаға жолдама алады.