Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданына қарасты Таловка елді мекенінде Сібір жарасына күдікті екі жағдай тіркелгенін хабарлайды. Ағымдағы жылдың 30 шілдесі күні ол адамдар аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. Науқастардың жағдайы орташа деп бағалануда.
Эпидемиологиялық тексеру кезінде бұл азаматтар 20 шілдеде сиыр союға қатысқаны анықталды. 110 кг. ет алынып, өртелді. Батыс Қазақстан облысының СЭҚКД мамандары мал дәрігерлерімен бірлесіп, ошақта эпидемияға және эпизоотияға қарсы жұмыстар атқаруда.