• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Тамыз, 2011

Ару Астана айбыны

449 рет
көрсетілді

Атағы әлемге жайылған Ар­қа­ның сұлу қаласы Астанаға биыл, міне, 13 жыл. Күні кеше ғана Елбасының тікелей баста­ма­сымен бұрынғы астанамыз Ал­ма­тыдан Еуразияның жүре­гіне көш басын тіреп, бой кө­тер­ген жас Астананың бүгінде мәр­тебе­сі биік. Небәрі саусақ­пен санар­лықтай жылдар ішінде қиял қуып жете алмастай құлпырған елордамыз күннен-күнге жарқы­рай түсуде. Ғани­бет ғимараттары ғайыптан пайда болғандай, бір-біріне ұқса­майтын әсемдікке ие. Бейбіт­шіліктің белгісін көрсе­тетін, аспанмен астасқан бәйте­ректің өзі неге тұрады?! Құры­ысы құр­лыққа танылған Аста­наның келбеті кез келген жанға бақыт сыйлары анық. Соның бірі – мен өзім. Осыдан бір жыл уақыт бұ­рын Тәуелсіздік қаласының та­бал­дырығын басқанымда, мен өзімнің арман шыңына жетер жолдың есігін айқара ашқандай сезіндім. Мен сияқты өз өмір жолына Астана арқылы жол аш­қан бақытты жандар қан­ша­ма! Қазақ елінің мақта­ны­шы мен көз қуанышына ай­налған Аста­намыз аз уақыттың ішінде әлем­дік сахнада өз ор­нын абы­рой­мен айқындады. Кешегі өткен ЕҚЫҰ саммиті елімізді барша ғаламға паш еткені бар­шамызға белгілі. Қада­мын келешекке нық басқан қазақ хал­қы­ның болашағымен Астана­мыз келер күнде де асқақтай берері сөзсіз. Тәуелсіз еліміздің туын көкке желбіреткен тұғыр­лы Астана­мыз­дың төріне қон­ған бақыт құсы тек елорда­мыз­дың аспа­нын­да ғана самғай бергей! Ақбұлан САЛБЕКҰЛЫ, Қорғалжын аудандық прокуратурасының қызметкері. Ақмола облысы