Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, тауға саяхатқа шыққан қазақстандық 12 азаматты шекарадан өтіп кетті деген желеумен өзбекстандық шекарашылар ұстап, ересек 4-еуін Кибрай қаласындағы оңалту орталығына, ал қалған 8 баланы Янгиюль кәмелет жасқа толмаған балаларға арналған арнайы қабылдау бөліміне орналастырған болатын.
Екі ел сыртқы істер министрлері арасында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 30 шілде күні шамамен сағат 22.00-де тиісті шараларды жүзеге асырғаннан кейін Қазақстан Республикасының консулы Қазақстанның кәмелетке толмаған сегіз азаматын елімізге жеткізіп салды. Ал келесі күні, яғни 31 шілдеде қазақстандық ересек төрт азамат та отанына оралды.
«Егемен-ақпарат».