• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Тамыз, 2011

Кемшілікке кеңшілік болмайды

266 рет
көрсетілді

«Батыс Еуропа – Батыс Қы­тай» транзиттік дәлізі құрылы­сын­да мердігер ұйым болып та­былатын Оңтүстік Қазақстан об­лысындағы «Азеркопу/Тепе» бір­лескен кәсіпорнының ныса­нын­да жұмысшылар компания басшылығына еңбек жағдай­ла­рында орын алған кемшіліктерді атап көрсетіп талаптар қойған. Олардың қатарында жұмыс­шы­ларға еңбек келісім-шарттары­ның берілмеуі, жұмыс киімдерімен қамтамасыз етілмеу, еңбек заңдылықтарының сақталмауы, ауыз судың уақытылы жеткізілмеуі сияқты мәселелер бар. Осы жәйттің анық-қанығына жетуді тікелей қолға алған «Нұр Отан» партиясының мүшелері бұрмалаушылықтардың бар екенін анықтады. Осыған орай,  Партиялық ба­қылау комитетінің басшылығы, жергілікті атқару органдарының өкілдері және  «Азеркопу/Тепе» компаниясының басшыларының қатысуымен арнайы кеңес өт­кі­зілді. Кеңесте сөз сөйлеген «Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Ра­хымбеков кемшіліктердің орын алғандығын атап өте отырып, егер олар таяу уақытта жойыл­маса Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолда­ры комитеті басшылығының пар­тиялық жауапкершілігі тура­лы мәселені қараудың күн тәртібіне қойылатындығына назар аударды. Компания басшылығы кемшіліктерді мойындады, сөйтіп, ке­ңес қорытындысында  оларды 3 тамызға дейін жою керек деген шешім қабылданды. «Егемен-ақпарат».