Аймақта алғаш құрылған әрі белсенді этно-мәдени орталықтардың бірі «Видербурт» саналады. Оның ұйымдастыруымен өткен «Қарағанды облысындағы немістер тарихы» кітабы тұсаукесері есте қаларлықтай болды. Еңбек авторлары Н.Куликова мен О.Яковенко осы рәсімге арнайы қатысуға келген германиялық және қазақстандық немістерге қандастарының әр кезеңдегі өмір жолдары туралы баян етті.
Аталған еңбек Германия үкіметінің демеушілігімен шыққан. Мұндай кітаптың елдер арасындағы тарихи байланыстар сырын ашып, тереңдетуге ықпалы зор екендігін неміс мәдениеті мен өнерінің танымал тұлғалары Рудольф Шадлен және Барбара Склорте кездесуде әңгімеледі. Алыстан келген ғалым-меймандар жергілікті әріптестерімен ізденісті ілгерілетуге ынтызарлық білдірді.
Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды.