• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2011

Лондонда тәртіпсіздіктер жалғасуда

392 рет
көрсетілді

Ұлыбритания астанасы Лондон­­ның солтүстігінде орын алған ойран оңтүстік пен шығыста да бой көтерді. Тұрғындардың ашу-ызасын тудырған жәйт, төрт баланың әкесі 29 жастағы жергілікті тұрғын Марк Даганды полиция қызметкерінің атып өлтіруі. Қаланың солтүстігінде тәртіп бұзушылар дүкендер мен ғимараттардың терезелерін шағып, жеңіл автокөліктерді өртеген. Сенбі күнгі орын алған тәртіпсіздіктер салда­ры­нан 26 полиция қызметкері жараланып, 50 адам тұтқын­дал­ған-ды. Брикстон ауданында жүзге тарта адамнан құрылған топ дүкендерді тонап, өртеумен айналысқан. Мемоблигация сатып алынуда Еуропа Орталық банкі жексенбі күнгі жедел консультациялардан кейін Италия мен Испанияны дефолтқа ұшыратпау мақсатында олардың мемлекеттік облигацияларын сатып алу шешіміне тоқталды. Кешеден бастап ЕОБ Италия мен Испаниядағы қа­рыздық міндеттемелерді күніне 2,5 миллиард еуро көлемінде сатып алып, осы елдердегі мемлекеттік облигациялар рыно­гын­дағы жағдайды реттеп, қаржылық тұрақ­сыз­дықтан құтқарып қалмақ. Сарапшылар егер мұны жа­самаған жағдайда, еуроаймақтағы жағдай тіпті де нашар­лайды деп отыр. Жапонияда қарсылық шеруі өтті Жапонияда қазір Нэмуро қала­сында тұрып жат­қан Оңтүстік Ку­рил­дің бұрынғы тұрғындары шеру өткізіп, аралдар­ды кері қайтару ту­ралы талап қой­ды. Акцияға қала мэрі Сюнсукэ Ха­сэ­гава бастаған мың­ға тарта адам қатысқан. Хасэгава өз сөзінде ресейлік басшылардың аталған арал­дарға жиі келе бастағанына наразы екендігін жеткізе келіп, Жапон үкіметінен территориялық проблеманы ертерек реттеуді талап етті. Негізінен Мәскеу мен Токио арасындағы шекара дауы 2010 жылы қарашада президент Д.Медведевтің Курил аралдарына баруымен шиеленісіп кеткен-ді. Ресей Тынық мұхит флотын күшейту үшін Франциядан «Мис­траль» десанттық тікұшақ тасығышын сатып алған болатын. Алтын бағасы артуда Гонконг биржасында алтынның бағасы унция­сына 1,7 мың долларға дейін барды. Жағдайдың бұлайша қалыптасуы әлемдік қор рыногын­дағы тұрақсыздықтармен байла­ныс­ты. АҚШ рейтингінің «ААА»-дан «АА+» деңгейіне төмендеп қа­луы осы елге қаржы салғандарды алаңдатып отыр. S&P рейтинг агенттігі АҚШ мемлекеттік қарыз дең­гей­ін көтеретін заң жобасын қабылдап үлгергеніне қарамас­тан, осы елдің рейтингін төмендеткен болатын. Алайда, АҚШ қаржы министрі Тимоти Гайтнер құнды қағаздарға ештеңе де болмайды дегенді алға тартуда. Оның пайы­мын­ша, ел өзінің қаржылық міндеттемелерін толық атқара алады. Бұрынғы премьер қамауға алынды Украинада бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконың үстінен сот процесі басталып, оны қамау туралы шешім шығарылған болатын. Еу­ропалық одақ, АҚШ, тіпті Ресей тарапынан болған қарсылықтарға қарамай, кеше сот оны қамаудан шығармайтындығын жеткізді. Ресей мен Украина арасындағы көгілдір отын келісім-шарты дауы әлі бітер емес. Мәскеу Тимошенко кезінде жасалған келісім-шарт сақталуы тиіс десе, Киев үшін газ бағасы тым қымбат. Қарсы жақ онда «Газпром» мен «Нафтогаз» БК құрылуы керек, сонда газ арзандайды дегенді алға тартады. Украина президенті бұған жол жоқ дегенді айтты. Осылайша Ю.Тимошенко ісі бойынша сот процесі ұзаққа баратын сыңайлы. Король Сирия билігіне ескерту жасады Сауд Арабиясының королі Абдалла Дамаскідегі елшісін кері ша­қыр­тып ал­ып, Сирия басшылығы қан­тө­гісті тоқ­татпаса, бұл елдегі жағ­дай­дың Сауд Ара­­биясы үшін теріс деп қа­был­да­на­тын­ды­­ғын мәлім етті. Ко­рол­дің мә­лім­демесі Әл Арабия телеар­на­сынан оқылды. Сирия басшылығы кеш болмай тұрған кезде жақсылап ойлануы шарт, әйтпесе, дауыл күші құлатады, деп ескерткен Абдалла бұның алдындағы уәде берілген рефор­ма­лардың іс жүзінде орындалуы қажеттігін алға тартады. Жек­сенбіде Сирия билігі әскердің күшімен қарсылық көр­сетушілерді басу кезінде 50 адам оққа ұшса, бұның ал­дындағы аптада 150 адам өлтірілген-ді.

Қысқа қайырып айтқанда:

• АҚШ-тың Огайо штатындағы Копли-Тауншип қаласында отбасылық дау сегіз адамның өліміне алып келді. Әзірге полиция алдымен, бір үйдегі бес адамды, артынан, екінші үйдегі тағы үш адамды атып өлтірушінің аты-жөнін айтпай отыр. Өлгендердің арасында 11 жасар бала да бар. • Францияның Тулузасындағы мешіттердің бірінде ер кісі өзін өзі өртеп жіберді. Терісінің 90 пайызға дейін күйік шалуынан ол ауруханада көз жұмған. Куәгерлердің айтуынша, әлгі кісі имамға дауыс көтеріп, артынан өзіне бензин құйып, от қойған. Жергілікті билік оның жүйке ауруымен ауыр­ғандығын айтады. • Ресейдің Амур облысында Ан-24 ұшағы қону сызығынан шы­ғып кетіп, апат орын алды. Нәтижесінде, 12 адам ауруханаға жат­­қызылған. «ИрАэро» компаниясына тиесілі ұшақ қону ала­ңы­нан шығып кеткен кезде оның шассиі мен қанаты жұлынып кетіп, қозғалтқышы айтарлықтай зақымданғаны белгілі болып отыр. • АҚШ-тың Миссури штатының Канзас-Сити қаласында дау­ылдың салдарынан 50 мыңға тарта тұрғын үй ша­руа­шы­лықтары электр қуатынсыз қалды. Метеорологтар дауылдың секундына 33 метр жылдамдықпен соққандығын айтады.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.