• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2011

Акция облыстарда да жалғасты

293 рет
көрсетілді

«НұрОтан» ХДП Ақтөбе об­лыстық фи­­лиа­лы­ның ұй­ыт­қы бо­луымен «Биз­нес­тің жол карта­сы-2020» бағдарла­ма­сын жүзеге асыруға бай­­­ланысты бірыңғай қа­былдау күні өткізілді. Оның мақ­саты – мем­лекеттік қол­дауға ие болу мүм­кіндіктері бар кәсіпкер азамат­тар­дың өзекті мә­селелерін жергілікті билікке жеткізу, несие алу үшін екінші дең­гей­дегі банк басшыл­а­ры­мен бет­пе-бет жүзде­с­тіру, ша­ғын және орта бизнеске қатысы бар басқар­малар бас­шы­ларынан тегін кеңес алуға жағдай туғызу, даму инс­ти­туттары өкілде­рі­мен ер­кін пікір алысу алаңын ұсыну, осы бағ­дар­лама бойынша қандай көмек болатынынан және несие алуға қандай кепілдіктер жарам­ды екенінен хабардар ету. Партияның облыстық филиа­лы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Амангелді Мектеп­баевтың айтуынша, өткен жылы осындай акция кезінде қабылдау­ға келген 22 азаматтың 15-інің мә­селесі оң шешімін тапса, бұл жолы кәсіпкерлікке және басқа сауалдармен келген 25 азаматтың басым бөлігі өздерін толғантқан мәселелер бойынша нақты жауаптар алды, бірқатарының мәселесі оң шешімін тапты. Бірыңғай қабылдау күніне қатысушыларға облыс әкімінің орынбасары Роза Кемалова бастаған жергілікті билік өкілдері толыққанды жауап, нақты мәлімет, кеңес берді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.