• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2011

Жаттығулар жалауын көтерді

323 рет
көрсетілді

Кеше «Іле» полигонында  «Дала қыраны – 2011» тактикалық-арнайы бітімгерлік оқу-жаттығулары басталды Биылғы оқу-жаттығуларға Қазақстан армиясы, Ұлыбрита­ния және АҚШ Қарулы Күш­те­рінің әскери қызметшілері ғана емес, Литва және Қырғыз Рес­публикасының жауынгерлері де қатысуда. Оқу-жаттығуға 1400-ден астам әскери қызметші және жүзге жуық жауынгерлік техника тартылған. Биылғы бірлескен жаттығулар осымен то­ғызыншы рет өткізіліп отыр. Жаттығулардың ашылу сал­танатына Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасары, генерал-майор Мұқан Дүйсекеев, шет мемлекеттердің әскери ба­қы­лаушылары, НАТО-ның әр­түрлі штабтарынан сарап­шы­лар және Қазақстан Респуб­ли­ка­сында тіркелген әскери-дип­ломатиялық корпус өкілдері қа­тысады. Жаттығуды өткізу мақсаты – бітімгершілік операцияларды орындау кезінде Қазбриг пен альянс қарулы күштері бөлім­шелерінің үйлесімділігін тексеру, сондай-ақ бөлімшелерді үздіксіз басқару кезінде командирлердің іс-тәжірибедегі дағдыларын жо­ғар­ылату, бітімгершілік опера­ция­­­ларын өткізу барысында өзара іс-қимылдарды ұйымдастыру. «Дала қыраны» жаттығуы 2003 жылы басталып, бірінші рет екіжақты ынтымақтастық шеңберінде Ұлыбританияда өт­кізілген болатын. Оқу-жаттығу бітімгершілік операциялары кезінде «Қазбригтің» жедел үй­лесімділігіне жетуге бағыт­тал­ған және бітімгершілік бриага­дасы­ның біріккен қолбас­шы­лық­пен  көп ұлтты күштер құ­рамында тапсырмаларды орын­дау қабілеттерін шынайы тексереді.

Оксана Парпура, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің қызметкері. Суреттерді түсірген  Ермек Сарбасов.