• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2011

Ортақ мүдделер тұрғысында

363 рет
көрсетілді

Кеше Астанада Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Корея Республикасы Парламентінің депутаты Пак Сан Чонмен кездесті. Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы кездесу барысында екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықтың жаңа сапалы стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін, бұған жо­ғары деңгейдегі сапар алма­су­лар­дың ықпалы дәлел бола алаты­нын атап өтті. «Жақын күндері Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бактың Қазақ­стан­ға ресми сапары қос мемлекеттің стратегиялық әріптестігіндегі ма­ңызды кезең болатынына сеніміміз мол», – деді Е.Қазыханов. Екі ел арасындағы парламент­аралық өзара байланыстар жө­нін­де сөз қозғай келе, Сыртқы істер министрі Корея Респуб­ли­ка­сы­ның Ұлттық Ассамблеясы депу­тат­тарымен үнемі қарым-қаты­насты дамытып отырған Қа­зақ­стан Парламенті депутаттарының тобы бар екендігін де атап өтті. Қазақстандық министр екі елдің депутаттары қос мемлекет ара­сын­дағы тұрақты байланысты, өзара түсінушілік пен сенімді одан әрі тереңдетуге ықпал етсе, ал мұндай кездесулер халықтар арасындағы достықты нығайтуға мүмкіндік береді деген ойын жеткізді. Ядролық қаруды таратпау мә­се­лелеріне тоқталған Е. Қазы­ха­нов 2012 жылдың көктемінде Сеулде өтетін Ядролық қауіпсіздік саммитінің өзектілігін атап өтті. «Өз еркімен ірі ядролық по­ли­гонды жауып, жаһандық қару­сыздануға үлкен тарихи үлес қос­қан Қазақстан осындай іс-шараларды өткізу бастамаларын тұтастай қолдайды», деді бұл турасында министр. Е.Қазыханов кореяаралық реттеу тақырыбын талқылай келе, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларының орындалуына және алтыжақты келіссөздердің жалғасуына Қазақстанның оң көзқарас танытып отырғанын жеткізді. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.