• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2011

Қайырымдылық жасағанның сауабы мол

550 рет
көрсетілді

Қасиетті Рамазан айында «Мемсараптама» РМК ұжымы Астанадағы маман­дан­ды­рыл­ған балалар үйінде тәр­биеленетін жетім балалар үшін қай­ырымдылық акциясын ұйым­дас­тырды. Қызметкерлер өздері жи­на­ған қаржыға бөбектер үйінің тәрбие­лену­шілеріне арнап балалар тағам­да­ры мен шы­рын­дар, су өткізбейтін жаялықтар сатып алды. Рамазан – мейірімділік айы. Әсіресе мұқ­таж­дарға, оның ішінде жетімдер мен ауыр нау­қастарға  көмек көрсету ісіне ерекше маңыз беріледі. Астаналық бөбектер үйіндегі туғанынан бастап 4 жасқа дейінгі 70 баланың 30 пайызға жуығы ақыл-ой және дене дамуында кемістіктері бар мүгедектер. Мекеме қызметшілерінің айтуларынша, дені сау балаларды асырап алушылар бірден табыла кететін көрінеді. Ал денсаулықтарында проблемалары бар бүл­дір­шін­дер болса, көбіне-көп осы жерде қалып жатады. Сондықтан көрсетілген қайы­рым­дылық пен мейірімнің бөбектер бойында жұрт бізге немқұрайды қарамайды деген сенім оятуы мүмкін-ау деген үміт те жоқ емес. «Егемен-ақпарат».