• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2011

Қасиетті Рамазан айында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сомалиде құрғақшылықтан зардап шегушілерге қолұшын беруге шақырады

339 рет
көрсетілді

Соңғы 60 жыл ішіндегі ең ауыр құрғақшылық Африкаға зор зардабын тигізуде. Табиғи-кли­маттық құбылыс малдың жаппай қырылуына және егіс дәнді дақылдарының шықпай қа­луы­на әкелді, сөйтіп жергілікті халық үшін азық-түліктің негізгі көздері толық дерлік жойылды. БҰҰ бағалауы бойынша, Сомалидегі, Эфио­пиядағы, Кениядағы, Эритреядағы және Джибутидегі халықты қоса алғанда, 11 млн. астам адам жедел гуманитарлық жәрдемді қажет етеді. Аталған елдердің тұрғындарына, көбінесе әйелдер, балалар мен жасы үлкен адамдарға азық-түліктің және дәрі-дәрмектердің жоқты­ғынан өлім қатері төніп тұр. Аймақтың ең зардап шеккен ел қатарына Сомалиді жатқызуға болады, онда жағымсыз факторлардың қосылған әсері – әскери қақты­ғыстар, құрғақшылық, гиперинфляция, вирустық аурулар – азық-түлікке байланысты апатты жағдайдың пайда болуына әкелді. Гуманитарлық ұйымдардың мәліметі бойынша, елде 3 млн. адам, яғни халықтың төрттен бір бөлігі ашығуда. Үстіміздегі жылдың 28-29 шілдесінде шұғыл шақырылған Ыстамбұл конференциясы барысында Сомалиге және ислам әлемінің басқа да мұқтаж елдеріне жәрдем көрсету үшін ИЫҰ Гуманитарлық коалициясын құру туралы шешім қабылдаған. Кездесуге қатысушылар алдағы үш айға 29 млн. доллар шамасындағы ИЫҰ дереу гума­ни­тар­лық жәрдемінің бюджетін анықтап, қазіргі уақытта Сомалиге Сауд Арабиясы – 60 млн. доллар, Кувейт – 10 млн. доллар және Судан 100 мың доллар шамасындағы қаржылық көмекті бөлу туралы мәлімдеді. Қазақстан Республикасы ИЫҰ-ның белсенді мүшесі және Ұйымның Сыртқы істер министрлері кеңесі Төрағасының міндеттерін іске асыратын мемлекет ретінде алдағы уақытта Коалиция бюджетіне өз үлесін енгізуге ниетті. Ыстамбұл кездесуінің қорытынды декла­ра­ция­сында ИЫҰ-ға мүше елдер барлық мұсыл­мандар үшін қасиетті Рамазан айының кезе­ңінде Сомали және өңірдегі басқа африкалық мұқтаж елдерге мүмкін болатын жәрдем көрсету жөніндегі үндеу жасады. Реквизиттер мен банктік мәліметтер: Name of the Account: OIC Assistance Fund Dollar Account Number: 0005600758 SWIFT CODE: SAMBSARI SAMBA Financial Group Bank Jeddah – Kingdom of Saudi Arabia IBAN: SA 294 0000 0000 0000 5600758