Мамлют ауданына қарасты Бексейіт елді мекенінде шағын орталық ашылды. 16 орынға лайықталған балабақша «Еркетай» деп аталады.
Бүлдіршіндерге тартуды осы ауылдың тумасы, «Мәмбетов және К» командиттік серіктестіктің басшысы Еркебұлан Мәмбетов ұйымдастырды. Ол шаруашылық есебінен 20 миллион теңге бөліп, асхана, жатын бөлме, ойын залына дейін тап-тұйнақтай етіп салып берді.
Қуанышқа аудан әкімі Қанат Қалиев те ортақтасып, «20 игі іс» акциясы аясында компьютер табыс етті.
Өмір ЕСҚАЛИ,
Солтүстік Қазақстан облысы.