Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылы 7 желтоқсанда бекіткен Қаулысында (2011-2020 ж.ж. Қазақстан Республикасының білім беру мемлекеттік бағдарламасының дамуы) білім берудің бәсекелестігін көтеру, экономиканы нығайту және сапалы білімге қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін адам қабілетін дамыту мақсаттары қойылған.
Осындай елдік істі жүзеге асыруда жаңа үдерістер көшбасшысы болатын университеттерге үлкен рөл жүктелген. Қазіргі кезде Қазақстанда білім беру және ғылыми-өндірістік кешендер болып саналатын ғылыми-зерттеу және инновациялық университеттерді дамыту аса қажет. Ғылым, өндіріс пен білім беруді нығайтатын жоғары оқу орнына айналу – барлық қазақстандық университеттердің мақсаты, солардың қатарында осы оқу жылында ғылым мен білім әлеміне қадам басқан «Астана» университеті де бар.
«Астана» университеті – салалық жоғары білім беру және ғылыми-зерттеу мекемесі, үздік кәсіби білім беру жүйесі қалыптасқан.
Университетте бес факультет бар: заң, мұнай және газ, экономикалық, шетел тілдері, халықаралық қатынастар және гуманитарлық.
«Астана» университеті бакалаврларды 16 мамандық бойынша дайындайды: «Заңтану», «Құқық қорғаушы қызметі», «Халықаралық құқық», «Экономика және құқық негіздері», «Мұнай және газ ісі», «Экономика», «Менеджмент», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Шет тілі: екі шет тілі», «Аударма ісі», «Халықаралық қатынастар», «Мектепке дейінгі оқу және тәрбиелеу», «Бастапқы білім беретін педагогикасы мен әдістемесі», «Педагогика мен психология», «Қа-зақ тілі мен әдебиеті» және 7 мамандық бойынша магистрларды: «Заңтану», «Халықаралық құқық», «Мұнай және газ ісі», «Экономика», «Қаржы», «Шет тілі: екі шет тілі», «Халықаралық қатынастар».
«Астана» университетінде тек қана ғылым докторлары мен кандидаттары қызмет етеді. Университетте жұмыс істеп жатқан танымал ғалымдар қатарына заң ғылымдарының докторлары Е.Б. Абдрасуловты, А.Т. Ащеуловты, М.С. Башимовты, А.Ш. Ещановты, М.А. Сәрсембаевты, А.С. Сманды, А.А. Темірбековті; техника ғылымдарының докторлары Ж.Б. Байнатовты, Л.В. Воронинаны, А.Д. Шыныбаевты, экономика ғылымдарының докторлары К.Т. Аленованы, Ж.А. Анафияеваны, О.Т. Төлемісовті, Г.Т. Шакуликаваны; филология ғылымдарының докторлары Ж.Ә. Әбуовті, Т.А. Аяпованы; педагогика ғылымдарының докторлары К.Р. Қалкееваны, П.Б. Сейтқазыны және тағы басқаларды жатқызуға болады.
«Астана» университеті алғашқы сәттен бастап жоғары деңгейдегі білікті мамандарды дайындауға бағытталған, осы мақсатпен байланысты отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен, мемлекеттік билік органдарымен, кәсіби бірлестіктермен бірігіп қызмет етеді.
Еліміздің индустриялық-инновациялық қажеттіліктеріне сай келетін жоғары сапалы мамандарды дайындау – «Астана» университетінің мақсаты.
«Астана» университеті:
• Заңтану, мұнай және газ, шетел тілдері және гуманитарлық ғылымдар саласындағы тәжірибелі ғалымдар мен оқытушылар;
• Қазақстанда және шетелдегі сапалы тәжірибе орындары;
• Жарқын студенттік өмір;
• Жұмысқа орналасудың шынайы мүмкіндіктері;
• Жаһандық интерактивтік кеңістік;
• Студенттерді әлеуметтік қолдау;
• Университеттің өз гранттарын алу мүмкіндігі.
«Астана» университеті жоғары оқу мекемесі ретінде студенттерге болашақта сәтті қадам жасауына және үлкен жетістіктерге жетуіне барлық мүмкіндік жасайды.
Еркін ОҢҒАРБАЕВ, «Астана» университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор.