• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Тамыз, 2011

Мас болғаның жас болғаның емес, қайта өзіңе қас болғаның

372 рет
көрсетілді

Осыдан бірнеше жыл бұрын кө­шелерде жүрсеңіз, әр метр са­йын темекі мен арақ-шараптың қызылды-жасылды жарнама­ла­рын кездестіретін едік. Ол аздай, бұқараны тәрбиелейтін, оларға оң мен терісті көрсететін телеэкран­ға да шығарып, талайға дейін сай­рандаттық. Бірақ, ол күндер де өз дәуренін аяқтады. Осындай жар­на­маларға тыйым салынғаннан ке­йін, жарнама агенттіктері мен телеарналар біраз көк қағаздардан қағылғаны белгілі. Олардың қал­таларын пайдасынан гөрі зияны әлдеқайда басым дүниелер­мен толтыруға, әрине, халық міндетті емес. Байқап қарасаңыздар, ондай жарнамалардың орнын бүгінгі таң­да саламатты өмір салтын на­си­хаттайтын, темекі шегу адам ағ­за­сына зиян екені жөніндегі жарнамалар басқан. Дегенмен де қанша жерден жарнамаға тыйым салып, әй дейтін әже, қой дейтін қожа бардың кейпін танытсақ та, қоғамымыз әлі де болса арақ-шарап пен темекіге өз тәуелді­ліктерінен арылар емес. Бүгінде ешбір той-томалақ арақсыз өтпейді. Егер бір кісі иман келтіріп, жасаған тойында дастарқанға ішімдік қоймаса, онда аста-төк ауқаты мен ас-суының құны көк тиын. Жұрттың көбі осыны ескеріп, сөзге қалмау үшін де дастарқанының да, тойының да «сәнін» келтіріп жатады. Бар жиған, тергенін арақ-шараптың «жоғары сортына» жұмсайтындар да жоқ емес. Сол баяғы мақтан үшін. «Түгеншенің тойындағы арақ-шарап бәленшенікінен мық­ты шықты. Той дегенді осылай жасау керек қой!» – дейтін бір ауыз мақтан мен қолпаш үшін. Жұрт бар жамандықтың, ба­қыт­сыздықтың бастауы осы арақ-шарап екенін білмейді емес, біледі. Біле тұра ішімдікке жақын жүретіндер көп. Бұл – ащы болса да шындық. Мынандай бір оқиғаға тап болғаным бар. Қоғамдық көлік­тің іші. Бір аялдамадан екі жас жігіт отырды. Өзіміздің қаракөз­дер. Кіргендері сол-ақ екен, спиртті ішімдіктің иісі бұрқ ете қалды. Жолаушылар жиіркенгендей, қа­бақ­тарын тыржитты. Ал аналар болса, көлік ішінде тыныштық сақтамаулары өз ал­дына, ауыз­дарына келгендерін сыртқа шы­ғарып жатты. Ішіп алған адамдарда мәдениет деген қайдан болсын. Өстіп тұрғанда, әрі-бері тең­се­ліп шатқаяқтаған біреуі байқау­сыз­да бір сары шашты қыздың аяғын қағып кетті. «Кешіріңіз» деп айтып үлгермеген жігітті сары шашты жерден алып, жерге салды. Қызу айтыс басталды. Жігіт те өзіне қатысты шектен тыс айтылып жатқан ғайбат сөздерге орай, жауап қайтаруға кірісті. Бі­рақ, шынымен де, әлгі сары шаш­тының сөздері сүйектен өтерлік­тей еді. Ұлтымызға да таяқтың бір ұшы тиіп жатты. Мұндай жағдайда жүрегінде ұлтына деген оты бар кез келген адамның жайбарақат отыра алмайтыны тү­сінікті-тін. Қысқасы, көлік ішін­дегілер сары шашты қызды «жеп» қоя жаздады. Біздің өзгеге көрсетер үлгіміз осы ма? Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.