• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Тамыз, 2011

Азамат жүрген жерде із қалады

388 рет
көрсетілді

Елімізде су аз деп аузымызды қу шөппен сүртпеуіміз де керек-ау. Отанымыздың картасына қа­ра­­ңыз­шы – мыңдаған көл-өзенге көзі­міз түседі. Таудан аққан бұ­лақ­­тар, тұнып тұрған тұмалар қан­­шама! Біраз ғалымдар мен ма­мандар елімізде су ресурс­та­ры баршылық, тиімді пайдалан­сақ, судан тапшылық көрмейміз дегенді айтады. Қуанасың. Судың да сұрауы бар деген сөз тектен-тек айтылмаған. Сол суға сұрау болмаса, еліміз де, же­ріміз де шөлдейді. Сол мақ­сат­та елімізде суға сұрау сала­тын мекемелер бар. Оларға жал­пы бас­шылық жасайтын Ауыл шаруа­шылығы министрлігінің Су ре­сурстары комитеті болса, оның қарауында су ресурстарын пай­да­лануды реттеу және қорғау жө­ніндегі сегіз инспекция бар. Олар еліміздің су көздеріне иелік етеді. Сол 8 инспекцияның ішінде үздігі қайсы дегенде, мамандар, сарапшылар Балқаш-Алакөл бас­сейндік инспекциясын атайды. Атағанда алдыңа қыруар цифр­ларды жайып салып, енді содан өзің қорытынды жаса дейді. Бұл цифрларға да тоқталармыз-ау, сөйт­се де осынау жақсы істің сыры неде, бұл инспекция қалай алға шықты деген сұрақты бірінші қоюды жөн көрдік. – Ол инспекция басшылы­ғы­на Асанбай Мейірбекұлы Әлсей­іт мырзаның келуіне байла­ныс­ты болды, – дегенді айтты әңгі­ме­лескендердің барлығы да ал­дын ала келісіп қойғандай. – Осы іскер басшы келісімен ұж­ым­ның жұмысына айрықша жан кірді. Ұжымның әр мүшесі ерекше ықыласпен, ынтамен жұмыс істейтін болды. Өз жұмысының жауапкершілігін сезінді. Осы жерде осыдан біраз бұ­рын Асанбай Мейірбек­ұлы­ның журналист қауыммен кездескендегі бір әңгімесі еске түседі. Сонда ол өз мекемесіндегі ісіне айрықша жауапкершілікпен қа­рап, ізденімпаздықпен жұмыс істейтін біраз маманның атын атаған. Сонда Жолдас Аманбаев, Таңсық Тәженова, Сәбира Қо­ян­баева, Мақсұт Етекбаев, Сәуле Ибрашева, Раушан Иманбет, Манарбек Нұрпейісов, Марат Назы­ров, Серікқали Мұқатаев, Әйге­рім Айтбаева, Бақыт Әбішев, Ақ­бота Садықова, Гүлжан Құна­пина, Салтанат Амандардың ат­ын атап, өзіне келгенде, «бәлкім, менің осы маман қызметкер­лер­дің жұмысына жағдай жасауда, жұмыстарын үйлестіруде азын-аулақ еңбегім болған шығар», деп қысқа қайырғаны бар. Расында, жаңа басшы Әлсей­іт мырза, алғашында орынбасар бол­са, араға екі ай салып, инспекция бастығы болған, келе салысымен қызметкерлердің жұ­мы­сына жағдай жасауды қолға алған. Мекеменің ғимаратына жөн­­деу жүргізіп, онда жан-жақ­ты қолайлы қызмет орыны жа­сақ­талды. Сонан соң, «Жемқор­лық­қа қарсы күрес» заңының талап­тарын орындау мақсатында «Бір терезе» қағидасымен құжаттарды қабылдап-өткізу және дайын бол­ған құжаттарды тапсыру орны ашылды. Осының бәрі ұжым жұ­мысына жаңа қарқын қосты. Енді осы инспекцияның жұ­мыс ауқымына келейікші. Меке­менің толық аты ұзақтау, сөйтсе де оны толық атаған да жөн болар. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Бал­қаш-Алакөл бассейндік инспек­циясы» мемлекеттік мекемесі өз жұмысын Алматы облысы, Жам­был облысының Мойынқұм, Қор­­дай, Шу аудандарында, Қа­ра­ғанды облысының Ақтоғай, Шет, Қарқаралы аудандарында және Приозер, Балқаш қала­ла­рында, Шығыс Қазақстан облы­сы­ның Үржар, Аягөз ауданда­рын­­да, Алматы қаласы айма­ғын­да жүзеге асырады. Мекеменің басты мақсаты – еліміздің географиялық табиғи мүмкіндіктерін басты назарда ұс­тай отырып, суды үнемдеу және қорғау. Бір сөзбен айт­қан­да, суға иелік ету. Әлдебі­реу­лер­дің пай­да­күнемдігінен, біреу­лер­дің жауа­п­сыздығынан, тіпті бі­реулердің са­лақтығынан су ысы­рап болмауға тиіс. Осы аймақ­тағы барлық ша­руа­шылықтар, мекемелер, жеке адамдар судың иесі барлығын, оны есепсіз пай­далануға болмай­тынын сезінуге тиіс. Осы ретте инспекция бас­шы­сы Асанбай Әлсейіт мырза мекеме қызметкерлерінен есепке, су пайдаланушыларды қатаң тір­кеу­ге алуға айрықша назар ау­даруды талап етті. Соның ар­қа­сында осынау аймақта суды өз бетімен пайдалануға тосқауыл қойылды. Жаңа бір құрылым пай­­да болып, оның суға деген қа­жеттігі туса, инспекцияға тіркеліп, сонан соң ғана суға зәру­лігін өтей алады. Инспекцияда есепке алынған су пайдаланушылар саны 1650 бірлік екен. Оның ішінде бірінші реттік су пайдаланушылар 848 болса, екінші реттік су пайда­ла­нушылар – 802. Ал есеп құрал­да­рымен қамтамасыз етілгендер 780 екен. Бәрінің де рұқсат құ­жаттары бар. Сол рұқсат құжат­тарын алу да бұл мекеменің көр­сеткіші. Жұрт рұқсат сұрап жатса, бұл инспекцияның жұмысын бағалағандық. Өткен жылы одан бұрынғы жылдармен салыстыр­ғанда 33 рұқсат құжат артық берілсе, биылғы жылдың алғашқы жартысында 77 су тұтынушы рұқ­сат құжатын алыпты. Инспекция басшысы Әлсейіт мырзаның өз қызметкерлерінен айрықша талап ететін тағы бір жайы болды – тұтынушылардың өтініш-шағымдарына барынша ұқыпты да қамқорлықпен қарау. Жұрт инспекцияға жазалаушы мекеме ретінде емес, қамқоршы мекеме ретінде жүгінгені жөн. Сонда жұрт одан жасырынып әрекет етпейді, адалына жүгі­не­ді, рұқсат сұрай келеді. Өткен жылы Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясына 3173 хат түсіпті. Одан бұрынғы жыл­мен салыстырғанда 508 хат көп. Жер телімін бөлу, құрылыс жүр­гізу және қайта жаңғырту жұ­мыстарына, нысандарды пайда­ла­нуға беру, жұмыс жобалары бойынша келісім алу мақсат­ын­да 1577 құжат түскен. Ал би­ыл­ғы жылдың алғашқы жартысын­да ғана 1129 құжат өткізілген. Сол құжаттардың ар жағында қан­ша­ма игілікті іс жатыр. Ол – ди­қанның жинаған жаңа өнімі, мал үшін өрісі кеңейген жайы­лым­дық, жаңа бір біткен құры­лыс кешендері, тағысын-тағылар... Сөйтсе де жолсыздықтарды көрмеуге де болмайды. Бақылау болмаса, жолсыздыққа жол ашы­лады. Аймақтағы жағдай алақан­дағыдай көрініп тұрар болса, қылмысты табу да қиынға соқ­пайды. 2010 жылы 285 тексеріс жоспарланған екен, инспекция мамандары 386 тексеріс өткі­зіп­ті. Содан 320 заң бұзушылық ан­ықталып, 4,65 миллион теңге әкімшілік айыппұл салыныпты. Әрине, айыппұлдан қаржы түс­ке­ні де жақсы, бірақ ең бастысы бұл – заң бұзушылыққа тосқауыл. Суды тиімді пайдаланудың бо­­лашағы су үнемдеу техно­ло­гия­­ларын өндіріске енгізуде екені даусыз. Инспекция басшысы Асан­бай Әлсейіт мырзаны бұл ретте осынау істің үлкен наси­хат­шысы деуге болар. Былтырғы жы­лы Алматы облысында 17,7 мың гектар ­көлемінде су үн­ем­деу техно­ло­гиялары мен суғару­дың ұтым­ды әдістері енгізілсе, мұнда инс­пекцияның да, оның басшы­сы­ның да айтарлықтай үлесі болды. Қазіргі заманда жұрт жұмыс тиімділігін қаржымен есептейді. Былтырғы жылы инспекция су ресурстарын пайдаланғандардан 136,24 миллион теңге қаржы жинаса, бұл одан бұрынғы жылғы­дан 84,39 миллион теңге көп. Жетістік пе? Үлкен жетістік. Сол үшін инспекция Ауыл шаруа­шы­лығы министрінің бұйрығымен «Үздік ұжым» дипломымен ма­ра­патталыпты. Осынау табысты инспекция мекемесінің ұжымы өздерінің жақында басқа жұмысқа ауыс­қан басшыларының атымен бай­ла­ныстырады. Байланыс­тыр­ған­да, білікті де іскер азаматтың ос­ында қалдырған өнегелі істері­нің жал­ғасы болатынына да сенімді. Әрине, ұжымның табысын бір адамға тели беруге болмас. Сөйтсе де, іскер де білікті бас­шы­ның келуімен бір ұжымның жұмысы жанданып сала беретіні де шындық. Асанбай Мейір­бек­ұлы Әлсейіттің келуімен Бал­қаш-Алакөл бассейндік инспек­циясының жұмысы жаңа белеске көтерілді. Осында азаматтың бас­тамашылық игі қадамда­ры­ның ізі сайрап жатыр. Оны инспекция ұжымы ұмытпайды. Мамадияр ЖАҚЫП.