Дәстүрлі апталық брифинг өтіп, онда Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.Абдрахманов 24–25 тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бактың Қазақстанға ресми сапармен келетінін айтты.
Қазақстан мен Корея басшыларының келіссөздерінің соңында екіжақты ынтымақтастықтың басым салаларында бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. Сондай-ақ сапар аясында Астанада Қазақстан – Оңтүстік Корея бизнес-форумы өтеді, деді ресми өкіл.
Қос тарап көпжақты және екіжақты қарым-қатынастардың күн тәртібіндегі, әсіресе, экономикадағы, өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарын жоғары деңгейде келістіруге мүмкіндік алады. Ли Мён Бактың Қазақстанға алдағы ресми сапары екіжақты стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуда маңызды белес болмақ.
«Егемен-ақпарат».