Шалқар ауданы Байқадам ауылында тұратын Күзембаевтардың «Сазды әуен» отбасылық халықтық ансамблі облыс орталығындағы «Достық» үйінде өзінің есептік концертін берді. Бұл мәдени шара ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. Құрылғанына 20 жылдан астам уақыт болған отбасылық ансамбль 2009 жылы халықтық атағын алды. Оның құрамындағы 18 мүшесі де түгелдей осы әулеттен.
Өнер ұжымының репертуары бай. Ансамбль Құрманғазының «Алатау», Қазанғаптың «Құс қайтару», «Шыныаяқ» күйлерін және басқа композиторлардың шығармаларын нақышына келтіре орындайды, ән салады, терме төгілтеді, жыр айтады. Түрлі ұлттық аспаптарда шебер ойнайтын ансамбльдің есептік концерті ақтөбеліктердің көңілінен шықты.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
Ақтөбе облысы.