Жақында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Василий Ахаев бастаған өңірдің ресми делегациясы Ресейдің Алтай аймағында өткізілген «Алтай – біздің ортақ үйіміз» атты халықаралық үйлестіру кеңесінің оныншы отырысына қатысып қайтты. Қазақстан, Ресей, Моңғолия және Қытай өкілдері мұндай басқосулардан үлкен үміт күтеді. Төрт ел үшін өзара қарым-қатынасты нығайту жемісін бермек.
Осы жолы тағы бір маңызды шара жүзеге асты. Жиында шырайлы Шығыс өңірі тарапынан жасалған құнды ұсыныс, яғни төрт елдің 25 жоғары оқу орындарының алдыңғы қатарлы ғалымдары мүше болып табылатын Үлкен Алтай ректорларының кеңесін құру жөніндегі ұсыныс бірауыздан мақұлданды. Бұдан былай жоғары оқу орындары арасындағы қарым-қатынас жақсарып қана қоймай, ол төрт елдің экономикасы мен әлеуметтік жағдайларының жақсара беруіне де оң ықпалын тигізбек.
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
Шығыс Қазақстан облысы.