• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
24 Тамыз, 2011

«Инновациялық форсаж» жобасы бастау алды

328 рет
көрсетілді

Астанда «Инновациялық биз­нес-жобалардың NIF$50K» рес­пуб­ли­ка­лық байқауының  тұсау­ке­сері болып өтті. Оған қаты­су­шылар кейін КТК телеар­насын­дағы «Инновациялық форсаж» интеллектуалдық реалити-шоуы­на қатыса алады. Бас жүл­де­герге биылғы жылдың қарашасында болатын инновациялық форумда Елбасының қолынан 7,5 млн. теңге көлемінде грант тапсы­рыл­мақ. Байқауды Ұлттық иннова­ция­лық қор   Индустрия және жаңа тех­нологиялар министрлігімен бір­лесе отырып ұйымдастырды. Жоба халықтың иннова­ция­лық бел­сенділігін көтеруге және жаңа технологиялар саласындағы әлеу­мет­тік маңызға ие бастама­лар­ды қолдауға, инновациялық жобалар­дың әлеуетті иннова­тор­ла­ры мен жасақтау­шы­ла­рын биз­нес-жоспар­лауға үйретуге ба­ғыт­тал­ған және 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-иннова­ция­лық даму бағдарлама­сы­ның аясында іске асуда. Байқауды ұйымдастырушы­лар­дың айтуынша, бұл теле­ви­зиялық шоу нақты мысалдармен бүкіл Қа­зақстанға инновациялар саласын­дағы жеке бірегей биз­нес-жоба­лар­ды дамытудың кең мүмкіндіктерін көрсетіп береді. Сонымен бірге, «Инновациялық форсаж» – инвес­торларды та­бу­дың және заманауи телевизияның мүмкіндіктерінің ар­қа­сында бү­кіл елге өз идеялары жай­лы жар салудың тамаша мүм­кіндігі. Әбдірахман  ҚЫДЫРБЕК.