• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Мамыр, 2017

Тамыры терең білім ордасы

261 рет
көрсетілді

Астанадағы білім ордаларының қарашаңырағы саналатын қалалық №4 мектеп-гимназиясына биыл 110 жыл толып отыр. Жамбыл Жабаев есімімен аталатын ғасырдан астам тарихы бар мектепте «Тамыры терең білім ордасы» атты мерейтойлық шара өтті.

Мерекелік жиынға Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов, қалалық білім басқармасы басшысының мін­детін атқарушы Әнуар Жанғозин, осы мектепте білім алған түлектер, ар­дагер ұстаздар мен ата-аналар қатысып, жылы лебіздерін біл­дірді. Мерейтойлық жиынға қаты­сушылар алдымен мектеп тарихынан сыр шертетін мұражайды және оқушылар шығармашылығына арналған білім көрмесін тамашалаудан басталды. Сондай-ақ, мектеп ауласында қазақ күресі, каратэ-до, тоғызқұмалақтан спорт­­тық сайыстар өтті. Жыр алыбы Жамбыл Жабаев­тың есімімен аталатын білім оша­ғында тұрақты түрде ақындар айтысын өткізіп тұру бұл мектептің дәстүріне айналған десек те болады. Осы жолы да мектептің түлегі Сырым Әуесхан секілді бірне­ше республикалық ақындар айты­сының жүлдегерлері мен оқу­шылардан құралған ақындардың 4 жұбы өнер көрсетті. Шара соңы Маржан Арапбаева бастаған эстрада жұлдыздарының орын­дау­ындағы концерттік бағ­дар­ла­ма­мен жалғасын тапты.

Алмас МАНАП, «Егемен Қазақстан»