• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Үкімет 15 Мамыр, 2017

Премьер-Министр Қостанайдағы тұрғын үй құрылыстарын тексерді

215 рет
көрсетілді

Үкімет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Заречное ауылындағы «Северный» шағын ауданына барып, өңірдегі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үй құрылысымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz

Бақытжан Сағынтаевқа жаңа шағын ауданның 37 гектар аумақты қамтитыны, құрылысқа 271 жер телімі бөлінгені туралы мәлімделді. Мұнда 34 үй тұрғызу жоспарланған. Жер телімдерінің шекарасына қажетті инфрақұрылым – газ, су құбыры, электр қуаты жүргізілген.  Биыл Қостанай облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 210 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жалпы облыста бағдарлама бойынша бес жылдың ішінде 1 млн 150 мың шаршы метр тұрғын үй салынатын болады.  Үкімет «Нұрлы жер» аясында тұрғын үй нарығын дамытудың кешендік шараларын әзірлеген. Солардың ішінде, ипотекалық несиелерді мемлекеттік субсидиялар есебінен арзандату, «Даму» АҚ субсидиялары есебінен жеке құрылыс салушыларды ынталандыру бар.  «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» салымшылары мен сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үйді тұрғызу жұмыстары жалғасуда. Жаппай тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін дайын инженерлік инфрақұрылымы бар жер телімдері бөлінетін болады.