Тараптар «Қытайдың Экономикалық белдеуі» Бастамасы бойынша жүзеге асырылатын жобаларға тіке инвестиция тарту жəне Қор биржасын дамыту бойынша келісімге келмек.
«Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша «G-20» жəне «Қытайдың Экономикалық белдеуі» елдерімен, дəлірегінде 130 елімен іс атқаратын істейтін «Jumore» компаниясымен бірлесіп жұмыс істеп, тəжірбие алмасу АХҚО үшін маңызды.
«Қазақстандық жобаларды «Jumore»-дің электрондық коммерция алаңына қосу, əрі осы компанияның технологиялық ресурстары АХҚО-ның қаржылық хаб ретіндегі дамуына оң ықпал етеді», – деді Қ.Келімбетов.
«Zhejiang «Jumore» E-commerce Co. Ltd» – тауарлар мен қызметтердің түр-түрі, жер қойнауы қазбалараы, металлургия, энергоресурстар, химиялық өнімдер, ауылшаруашылық тауарлары, өндірістік және өнеркәсіптік тауарлары, тұтыну тауарлары мен азық-түлік өнімдері, қаржылық, логистикалық қызмет түрлері, Big Data, техникалық, кеңестер беру тауарларды сертификациялаумен айналысады.
Аса жылдам дамуының арқсасында Қытайдың мемлекеттік органдары тарапынан қолдауға ие. Әрі әлемдік қауымдастықтан жақсы баға алған. Компания Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымының, Африкалық Одақтың, Араб елдері Лигасының мүшесі.