• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Медицина 19 Мамыр, 2017

Бағдарламалық мақала – барлық салаға ортақ құндылық

304 рет
көрсетілді

Кеше Жоғарғы Сотта Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын бүкілхалықтық талқылау шеңберінде «Рухани жаңғыру – Мәңгілік Ел болудың кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысушылар сот жүйесіне, сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жұмыстарын жүргізуге қатысты тиісті ұсыныстар әзірледі.

Жиынға Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бек­тас Бекназаров, Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Президентінің жа­нын­­дағы Қоғамдық сананы жаң­ғырту бағдарламасын іс­ке асы­ру жөніндегі ұлттық комис­сия­­ның хатшысы, Президент Әкім­ші­лігі Ішкі саясат бөлімінің мең­­герушісі Аида Балаева және елі­міз­­дің ғылыми-шығармашылық ин­­тел­лигенциясының өкіл­де­рі, Жо­­ғарғы Сот органы аппа­ра­ты­ның басшылығы мен қыз­ме­т­кер­лері, сондай-ақ Сот төрелігі ака­де­миясының профессор-оқы­ту­шы­лар құрамы мен магистранттары қа­тысты.  Дөңгелек үстел жұмысын аш­қан Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мә­ми Мемлекет басшысының бағ­дар­ламалық мақаласында айтыл­ған мемлекет пен қоғамның алды­на қойып отырған мақсаттары мен міндеттерінің маңызы орасан еке­­нін, соның ішінде жастар бо­ла­ша­ғына бағыт-бағдар берудің мә­ні зор екенін атап өтті.  «Мақаладағы кемел ойларды  баршаңызбен бөлісу үшін дөң­гелек үстелге жиналып отырмыз. Бағдарламада қоғамдық сана­ны жаңғыртудың бірнеше ба­ғы­ты айқын айтылған. Ұлттық жаң­ғыру деген ұғымның өзі ұлттық са­на­ның кемелденуін білдіреді. Тұ­тас ұлт болып ұйысып отырған қа­зақ­­с­тандықтардың берекесі мен бір­лігінің негізі қазақ ұлтының бол­мыс-бітімінде жатыр. Соның ішін­де халқымыздың сан ғасырлық са­лт-дәстүрінің орны ерекше. Өз­де­рің­ізге мәлім, еліміздің сот жүйесі Майқы би бабамыз негізін қалаған билер сотынан бастау алады. Елбасы айтқандай, жаһандану дәуірінде біз жат идеологиялардың ықпалына өзі­міздің ұлттық құндылықтарымыз ар­қылы ғана төтеп бере аламыз. Сон­дықтан да билерден қалған әділ төрелік ету дәстүрін кеңінен на­сихаттауымыз керек. Осы орайда, алаш қайраткері Міржақып Ду­ла­тов­тың «Заң әдет-ғұрыпқа қайшы кел­с­е, үлкен аяққа тар етік кигенмен бірдей» деген сөзін бүгінгі бо­лашақ заңгерлер білгені жөн», де­ді Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми.   Қазақстан Республикасының Сот билігінде 35 жылдан бері жұ­мыс істеп келе жатқан Қазақстан Рес­­пуб­ликасы Жоғарғы Сотының су­­дьясы Бағлан Демесінұлы Мем­ле­­кет басшысының «Болашаққа бағ­­дар: рухани жаңғыру» атты бағ­дар­­ламалық мақаласына орай өз ұсы­нысын айтты: «Бүгінде еліміз экономикалық дамудың шырқау биігіне көтерілді. Қазақстан өзінің халықаралық да­му бағытында үлкен дәре­же­лер­ге ие болды. Мақалада атап көр­­сетілгендей, біздің бола­ша­ғы­мыз – қоғам жетістіктерін әрі қа­рай жалғастыратын, реформалық үде­ріс­­терді игеретін жастарымыз. Рес­­публиканың саяси билігіндегі сот жүйесінің орны ерекше. Қоғам те­пе-теңдігін сақтау мен еліміздің әлеу­меттік, экономикалық даму ба­рысында сот жүйесінің рөлі басым», деген Бағлан Демесінұлы қа­­зақ өміріндегі бітімгершілік тұр­ғы­сынан маңызды рөл атқарған дәс­түрлі билер соты институтын ке­ңі­нен насихаттауды ұсынды.  «Біздің қазақ ұлтында әлемде тең­десі жоқ билер соты, құқықтық институт бар екенін бәрі біледі. Билер институтының тәжірибесін бү­гінгі жаңа заманға сай қолданудың ма­ңызы зор. «Қазақстандағы 100 жа­ңа есім» жобасынан құқықтану са­ласына ерекше орын тиюі тиіс. Өйт­кені, сот жүйесінің дамуына еңбегі сіңген судьялар мен сот қыз­меткерлері жеткілікті ғой деп ой­лаймын», деді Жоғарғы Сот су­дьясы. Жиын барысында Президент Н.Назарбаевтың мақаласындағы не­­гізгі аспектілерді ортаға салып, талқылауда Түркі әлемі ақса­қал­дар кеңесінің мүшесі, филоло­гия ғы­лымдарының докторы, про­фес­сор Әділ Ахметов, әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ профессоры, заң ғылымдарының докторы Зай­лағи Кенжалиев, филология ғы­лым­дарының докторы Серік Не­гимов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, алаштанушы ға­­лым, филология ғылымдарының док­­торы Дихан Қамзабек, «На­зар­ба­ев Университет» мәдени бағ­дар­ламалар орталығының басшысы Гүлтас Құрманбай қатысты. «Мәңгілік Елдің өркениеттік мұрат­тары» тақырыбында көлемді баяндама жасаған профессор Әділ Ахметов прагматизм, бәсекелік қа­бі­лет, ұлттық бірегейлікті сақтау, эво­­люциялық даму, сананың ашық­ты­ғы сияқты іргелі бағыттар бойынша елімізде кешенді іс-шараларды жү­зеге асыру керектігін атап өтті. «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қа­лыптасқан мемлекеттің жа­ңа саяси бағыты» атты 2012 жы­­лы халыққа Жолдауы – XXI ға­сырдың бірінші жартысының со­ңына дейінгі кезеңді қамтитын алып жобалардың бірегейі. Енді, мі­не, сол стратегиялық, саяси-эко­но­ми­ка­лық және әлеуметтік мәні зор ұзақ мерзімді жоспардың аясында қы­р­уар шаруа толассыз іске асыры­лып жатыр. Олардың ішінде үде­мелі индустрияландырудың екін­ші бесжылдығы жоба­сы мен ха­лықаралық ЭКСПО-2017 көр­­месін айтуға болады. Даму­дың тұрақты жолын қамтыған біз­дің мем­лекетіміз геосая­си, гео­эко­но­ми­калық, гео­тех­но­ло­гия­лық мега өзгерістер ағыны­нан тыс қа­лып оты­рған жоқ. Қазақ­стан­ның эво­лю­циялық жолмен дамуды таң­дауының да өз  сыры бар, өйт­ке­ні революциялық жолды таң­да­ған алыс-жақын елдердің мұ­рат­қа жеткені жоқ. Президент кө­теріп отыр­ған латын әліпбиіне кө­шу мә­селесі – елімізді рухани еге­мен­дік­ке апаратын тура жол. Өйт­кені, бұл әлем өркениетінің ба­сым көп­ші­лігінің әліпбиі», деп түйін­де­ді ол сөзін. Іс-шара соңында қатысу­шы­лар­дың тұжырымды ойлары мен ұсы­ныстарының негізінде қарар қа­былданып, сот жүйесіндегі мем­ле­кеттік тілдің қолданыс аясын ке­ңейту жұмыстарын жүргізу, Сот төрелігі академиясының оқу бағ­дарламасына «Қазақ билерінің ше­шендік өнері» атты арнайы курс ен­гізу, сот аудармашыларының білік­ті­лігін арттыру мақсатында «Үздік сот аудармашысы» республикалық кон­курсын өткізу, Елбасының латын әліп­биіне көшу туралы тапсырмасы бой­ынша дайындық жұмыстарын пы­сық­тау жұмыстарына қатысты бір­­қатар ұсыныс дайындалды. Қа­рарда топтастырылған ұсы­ныс­тар Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің жанындағы Қоғамдық сана­ны жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияға іс-шаралардың жүзеге асуын үйлестіру ұсынылатын болады.

Ая ӨМІРТАЙ, «Егемен Қазақстан»