• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Мамыр, 2017

Қауіпсіздік – басты назарда

180 рет
көрсетілді

Атырау облысы прокуратурасының бастамасымен тұр­ғын­­дар­дың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ве­до­мс­тво­ара­лық жұмысшы тобы құрылды. Оның құрамында құ­қық қор­ғау органдарының қызметкерлері, дәрігер, психолог, теолог мамандар, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер мен әлеуметтік сала мамандары бар.

 Облыс прокуроры Ғалымжан Тоғызбаев жетекшілік ететін 45 адамнан тұратын топ жұмысын Жылыой ауданынан бастады. Аталған топ Мақат, Индер және Махамбет аудандарында да болып, 14 мыңнан астам халықты қамтыған 182 шара өткізді.  Топ денсаулық сақтау, білім бе­ру, еңбек және әлеуметтік қор­­ғау салалары бойынша кең ау­­қымды ақпараттық-түсіндіру жұ­­мыстарын жүргізді. Әсіресе, экс­­тремизм мен терроризмге қар­­сы күрес бағытында дінге ай­рық­­ша маңыз берілді. Осындай ша­­­ралардың нәтижесінде 631 адам­­­ға медициналық көмек көр­­­се­тілді. Оның ішінде 250 нау­­­қас­қа диагноз қойылып, ем та­­ғай­ындалды.  «Бос жұмыс орны жәр­ме­ң­кесі» шарасы аясында 53 а­дам (оның екеуі мүгедек) жұ­мыс­­қа орналасты. Сонымен қа­тар, 200-ден астам аудан тұр­ғы­­ны тү- й­індемесін (резюмесін) тапсырып, ке­лі­сі­м­нен өтті.  Табысты бизнес – аймақтың, жалпы еліміздің экономикалық тұрғыда дамуының негізгі өзегі. Аталған топ бизнестің түрлері, олар­ды қаржылай және мемле­кет тарапынан көрсетілетін қол­дауды түсіндіру мақсатында жү­й­е­лі жұмыс жасауда. Бизнес бас­та­малар туралы ақпараттар ауыл әкім­д­еріне жеткізілуде, олар оқы­тылып жатыр. Осындай ке­шенді шаралардың игі нәтижесі бай­қалады. 22 кәсіпкерге мем­ле­кеттік органдардың тарапынан қол­дау көрсетілді.  Мәселен, Жылыой ауда­ны­ның тұр­ғынына бизнесін дамыту үшін қайтарымсыз негізде тігін жаб­дығы берілді. Кәсіпкерлікке ке­дер­гі келтіретін қиындықтар (не­сие беру, біліктілікті арттыру, биз­нес негізі, т.б.), өзге де мә­се­лелер бойынша қордаланған проблемаларды арнайы штаб зерделейді.  Ведомствоаралық жұмысшы тобы аймақтағы жағдайға са­рап­та­ма жасайды. Ғаламтор ке­ңіс­­тігіне мониторинг жүргізеді. Ді­ни бағыттағы бейнероликтерді қа­ладағы LED экрандарда, ау­ру­ха­­наларда, тұрғындарға қызмет көр­­сету орталықтарында, сауда ор­талықтары мен халық көп жи­на­латын басқа да жерлерде ке­ңі­нен көрсетеді.  Әлеуметтік желілерге мо­ни­­торинг жүргізу барысында діни сарапшылардың қо­ры­тын­ды­сымен мазмұны елдің Ата За­ңына, Қазақстанның өзге заң­да­ры мен құқықтық-нор­ма­тивтік ак­ті­лерге қайшы ке­ле­тін 70-тен ас­там аудиожаз­ба анық­талды. Жо­ғарыда көр­се­тіл­ген аудиожазбаны бұғаттау бой­ынша тиісті министрлікке ұс­ы­ныс жолданды.  «Прокурордың 100 кеңесі» жобасына сәйкес, тұрғындарға те­ракт қаупі төнгенде және ол орын алған жағдайда кімге ха­бар­­лау қажеттігі, сын сағатта өзін және жақын адамдарын құт­қаруға әрекет ету шаралары түсіндірілді. Ал теологтар радикалды идеологияның қау­пі, те­ріс ағымдардың негізгі өз­ге­ше­ліктері, келтіретін зардаптары туралы түсінік жұмыстарын жүр­гізді. Лаңкестік тұрғыдан осал нысандардың (мектеп, вокзал, аурухана, стадион, т.б.) қыз­мет­керлеріне жаттығу дабылы ке­зіндегі әрекеттері оқытылып, үй­ретілді. Мақсатты жұмыстар одан әрі жал­ғаса береді.

Аршат ТАЙТУЛЛИН, Атырау облыстық прокуратурасының басқарма бастығы