2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Әлихан Байменовтің Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік жанынан Мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы бұйрығы күшіне енді.
Бұл кеңес Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде агенттіктің және Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметін ғылыми және талдамалық сүйемелдеу үшін құрылған. Сараптамалық кеңес агенттік жанындағы консультациялық кеңесші орган болып табылады және өз қызметін қоғамдық бастама негізінде жүзеге асырады. Кеңестің құрамы мемлекеттік қызмет саласындағы зерттеу жұмыстарымен айналысатын мемлекеттік органдар өкілдері мен ғылыми-зерттеу және өзге де ұйымдар сарапшыларынан жасақталады.
«Егемен-ақпарат».