• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2011

Жұмыс тобының отырысы

263 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Тәуелсіздіктің 20 жылдығы декларациясының жобасын әзірлеу жөнін­де­гі Жұмыс тобының алғашқы отырысы болды, деп хабарлады Парламент Сена­тының баспасөз қызметі. Төртінші сайланған Парламенттің бесінші сессиясының ашылуында Президент Н.На­зарбаев жоғары өкілді орган басшы­лы­ғы мен депутаттардың Декларация қабыл­дау туралы бастамасына қол­дау білдірген бо­латын. Мемлекет басшы­сы­ «Декларация біз­дің қоғамымызды біріктіретін жаңа ма­ңыз­ды құжат бола­ты­нына сенемін», деген еді. Қ.Мәмидің айтуынша, «замандаста­рымыз бен келешек ұрпаққа арналған бұл саяси-құқықтық салтанатты құжатта біздің мемлекетіміздің одан әрі өркендеуі үшін берік негіз болатын Қа­зақ­станның басты жетістіктері көрсетілетін болады». Жұмыс тобының отырысы барысында оның құрамына Сенат депутаттары А.Судьин, Ә.Ахметов, Б.Мұхамеджанов, А.Бижанов, А.Башмаков және Ж.Ерғалиев енді.