• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2011

Елбасы қабылдады

302 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Экономикалық қыл­мыс­қа және сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы күрес агент­тігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қа­былда­ды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Қ.Қожамжаров Мемлекет басшысына еліміз Прези­дентінің бақылауында тұрған, соның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бұрынғы судьяларына, «Қорғас» пен «Қалжат» кеден бекеттеріндегі контра­бан­далық фактілері бойынша ҰҚТ-ның мүшелеріне қатысты бірқатар қылмыстық істердің тергелу барысы және басқалары туралы баяндап берді. Бұдан басқа, қаржы полициясы органының ағым­да­ғы жылдың 8 айының ішіндегі «көлеңкелі» экономика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдары бой­ын­ша жедел-қызмет жұмысының нәтижелері баян­дал­ды. Атал­ған кезеңде 5,5 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыс ашылған. 5 мыңға жуық қыл­мыс­тық іс сотқа жолданған. Мемлекет пен азаматтарға келтірілген сомасы 113 млрд. теңге көлемінде зиян өтелді. *  *  * Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының әкімі Анзар Мұсахановты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республика­сы Президентінің баспасөз қызметі. А.Мұсаханов Президентті облыстың әлеуметтік-эко­но­микалық дамуы мен Мемлекет басшысының тапсырма­лары­ның орындалу барысы туралы хабардар етті.