• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
03 Қаңтар, 2017

Шарджадан Астанаға екі ұшақ ұшты

199 рет
көрсетілді

Air Arabia авиакомпаниясының екі ұшағы Шарджадан   Астанаға  ұшты. «3 қаңтар күні таңертең  Шарджадан Астанаға    «Air Arabia» авиакомпаниясының екі борты ұшты. Шарджадан  Астанаға   «Air Arabia» тұрақты борты  сағат 14-30-да ұшады. Астанадан  15-30-да,   Шарджадан   Астанаға   «Air Arabia» қосымша борты  сағат 14-22-де.  Астанадан   Шарджаға сағат 15-55-те ұшады», - деп жазды ИДМ ТИД директоры Марат Иғали Facebook -тағы өз аккаунтына. Сейсенбіде «Air Arabia» тағы бір ұшағы Алматыға кесте бойынша ұшты. Бұдан бұрын ауа райы жағдайына байланысты Шарджа қаласы әуежайынан барлық ұшырылымдар кейінге қалдырылған. Бірнеше күн тұман болып, ұшақтар ұша алмады, басқа жақтан ұшақтар келе алмады. Осыған орай қазақстандық туристер Шарджа әуежайында қалуға тура келді.