• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
07 Қыркүйек, 2011

«Ядролық қарусыз әлем» атты мектеп оқушыларының шығарма мен сурет байқауы туралы

420 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрлігі Білім және ғылым министрлігі мен Бай­­­ланыс және ақпарат министрлігінің қолдауымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының жиырма жыл­дығына орай «Ядролық қару­сыз әлем» атты мектеп оқу­шы­ла­рының шығарма мен сурет бай­қауын өткізеді. Байқау жас санат­тары бойынша 9-11 сынып оқу­шы­лары үшін «Үз­дік шығарма» атты және 1-8 сынып оқушылары үшін «Үздік сурет» атты екі номинацияда ұйым­дас­ты­рылады. Байқау жұмыстарын қабылдау Білім және ғылым министрлігінің территориялық бөлімшелері арқы­лы 2011 жылдың 23 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады. «Үздік шығарма» номинациясындағы жұ­мыс­тарды, сондай-ақ электрондық түрде kazmfa.contest@gmail.com эл­ек­трондық адреске «ҚР СІМ бай­қа­уы» деген атпен хат жолдау арқылы жіберуге болады. Байқау нәтижелері 2011 жылғы 1 қазанда жарияланады. Жеңім­паз­дарды Сыртқы істер министрлігінің дипломдары мен жүлделері күтіп тұр. Салтанатты марапаттау рәсімі 2011 жылғы 11 қазанда Астана қа­ла­сында Ядросыз әлем үшін фору­мы­ның қарсаңында өтеді. Байқау ту­ра­лы толығырақ ақпа­рат­ты www.mfa.kz сайтынан немесе 8 7172 72 01 50 телефоны бойынша алуға бо­ла­ды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің бас­па­сөз қызметі.