• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
05 Қаңтар, 2017

Дүкенде – тірі балықтар

642 рет
көрсетілді

Баяғыда теңіздің жағасын­да балықшылар отбасында дүние­ге келген бір қыз ба­лығы жоқ қа­шықтағы қойлы ауылға тұрмысқа шыққан кезде бал татыған балық сорпасын менсінбеуші едім, қи татыған қой сорпасына тап болдым-ау деген екен. Сол айтқандай, дәмі тіл үйіретін балық пен оның сорпасынан ешкім бас тарта қоймайтын шығар. Яғни, қазіргі күні балық пен балық етіне деген сұраныс арта түсуде. Осы орайда батысқазақстандық кәсіпкерлер Әлібек Сартаев және Еркін Әлбетияров пен Меңдіжан Сәрсенов тұтынушыларға ар­налған айрықша жобаны іске асырды. Бұл – тірі балық сататын дүкен кешені. Оның тағы бір ерекшелігі, балықты өсіріп, ұстауға ар­налған ірі бассейн құрылы­сы­ның қоса аяқталуы. Сөйтіп, жаңа кешен­нен тұрғындар шортан, сазан, мөңке секілді дәмі тіл үйіре­тін балықтарды шоршыған тірі күй­інде сатып ала алады. Сон­дай-ақ, тірі шаян­ның етіне тәбе­тіңіз тартса, бұған да жол ашық. Ке­шенде алабұға, табан, көксер­ке және торта делінетін балық түр­лерін мұздатылған күйінде тұты­нушыларға ұсыну белгіленген. Аталған кәсіпкерлер тобы қолға алған келелі істің келе­шегі бұдан да жарқын. Яғни мұның өзі тірі балық сататын өзге де дүкендер желісі деген сөз. Мұның сыртында тұ­ты­ну­шылардың сұранысы­на орай жеткізілетін балық­тар мен балықтан жасалған тағам түрлері де бар. Ең бастысы, олар таяу­да өздері өсірген балық өнім­дерін таяу және алыс шет елдерге экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Бүгінгі күні кез келген азық-түлік өнімдері түр­ле­рінің қолжетімді бағамен сатылуының алар орны ерекше. Осы орайда кәсіп иелерінің мәселенің осы жағына көбірек көңіл қойып отырғаны тек құп­тауға және қолдауға лайықты деуге болады. Бүгінгі күні кәсіпкерлер үш­тігі сауда орталығын техни­ка­­лық тұрғыдан қайта жарақ­тан­­­дыру­ға қомақты қаражат жұм­­саған екен. Осы арқылы кешен ғи­мараты­ның пайдалы аумағы одан әрі кеңейіп, қосым­ша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туыпты. Сөй­тіп қазіргі кезде тірі және мұз­датылған балықтар сататын сауда орталығында отыз адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал алдағы уақытта бұл санды екі жүзге дейін жеткізу жоспарланып отыр.  Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» ОРАЛ Суретте: тірі балықтар осылай саудаланады.