• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
17 Наурыз, 2017

Инфрақұрылым бойынша әлемдегі ең үздік қалалар

911 рет
көрсетілді

 Mercer консалтинг фирмасы қоғамдық инфрақұрылым бойынша 2017 жылдың ең үздік қалалар рейтингін жариялады, деп жазады businessinsider.  Рейтинг жасау барысында мамандар қаладағы қоғамдық көліктерді, жол кептелісін, халықаралық әуежайларды, электр желісі мен су жүйесін, телефон және пошта қызметтерін ескерген. 

1.Сингапур

Сингапурдың өте жылдам қоғамдық көліктері бүкіл әлемге танымал. Қала тұрғындары 106 стансасы бар MRT қоғамдық пойызымен жүреді. Ол Оңтүстік-шығыс Азиядағы ең ірі метро жүйесінің бірі.

2.Франкфурт, Германия

Франкфурттың қоғамдық көліктер жүйесінде турникеттер жоқ. Қалада U-Bahn, S-Bahn метро желісі мен трамвай жүйесі бар.

3.Мюнхен, Германия

Мюнхен - үздік бестікке кірген Германияның екінші қаласы. Бір билетпен U-Bahn (метро), S-Bahn (елді мекендерге жүретін пойыз), трамвай және автобуспен жүруге болады.

4.Копенгаген, Дания 

Копенгагенде қоғамдық көлік бағасы арзанға сатылады. Бір билетпен waterbuses, пойыз бен метрода жүруге болады.

5.Дюссельдорф, Германия

 Дюссельдорф - үздік бестікке енген неміс қалаларының бірі. Автобус, трамвай, метро желісінен тұратын қоғамдық көліктері жылдам, тиімді әрі арзан саналады.

 6.Гонконг 

Бұл автономды аймақта қоғамдық инфрақұрылым жақсы дамыған. Гонконгтың қоғамдық көлігі әлемдегі ең үздіктер қатарына кіреді. Автобустар барлық аумақтарды қамтып, аралдар арасын жалғайды. Сонымен қатар қалада паромдар да жүреді.

7. Лондон, Ұлыбритания

Лондонның әлемге танымал метрополитені қаланың барлық аумағын қамтиды. Сонымен қатар танымал қызыл автобустары бар.

 8. Сидней, Австралия

Сиднейдің қоғамдық көлік жүйесінде пойыз, автобус, паром стансалары мен әуежайлар бар.

9.Гамбург, Германия

Гамбургтің қоғамдық көлігінде HVV желісіне бір билет алу жеткілікті. Ол жерасты, жерүсті пойыздарымен, автобус, темір жол және паром рейстерімен жүруге мүмкіндік береді.

10. Ванкувер, Канада 

 Қоғамдық көлік жүйесі автобус, экспресс метро мен паромды қамтиды.

11.Цюрих, Швейцария

Қала тұрғындары жаяу жүргенді ұнатады. Қалада автобус, трамвай, пойыз желісі бар.

12. Иокогама, Жапония 

Халық саны бойынша Жапонияда екінші орында тұрған қала. Тұрғындар метро мен паром желісімен жиі қатынайды.

13.Париж, Франция 

Париж тұрғындары 16 жолақтан тұратын метромен жүреді

14.Атланта, Джорджия, АҚШ

Атланта қаласында MARTA темір жол жүйесі кең тараған.

15.Монреаль, Канада

16. Даллас, Техас, АҚШ

Далласта автобус, жеңіл рельсті көлік пен трамвайларды қамтитын DART жүйесі бар.

17.Торонто, Канада

Торонто қоғамдық тасымал бойынша Нью-Йорк пен Мехикодан кейігі Солтүстік Америкадағы үшінші орында тұрған қала.

18.Вена, Австрия

Бір билет арқылы метро, трамвай, жергілікті пойыздар мен автобус арқылы жүруге болады. Венада ешқандай бөгет пен ресми тексерістер жоқ.

19.Хельсинки, Финляндия

20.Стокгольм, Швеция

Стокгольмда экологиялық таза автобустар жүреді. Қаладағы метро өнер галереясы іспетті. Себебі оның стансаларында түрлі өнер туындылары орналастырылған.