Қазақстанның басым бөлігінде бейсенбі, 1 желтоқсанда ауа райы жауын-шашынсыз болады, республикамыздың солтүстік және батыс аумақтарында атмосфералық фронттың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл аумақтарында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, желдің екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с, жаяу бұрқасын болуы ықтимал.
Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.