• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2016

Шығыс өңірінде Президент күні аясында 150 шара өтті

220 рет
көрсетілді

Шығысқазақстандықтар тұңғыш Президент күнін шат-шадыман көңіл-күймен атап өтті. Өңір басшысы Даниал Ахметов облыстық драма театрында өткен салтанатты жиында тұрғындарды атаулы мерекемен құттықтап, бүгінгі Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи тұлғасына тоқталды. – Мемлекет басшысы Қазақстанның келешегі үшін тарихи жауапкершілікті ала отырып, елді жаңартуда халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ауқымды экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырды. Елбасының халық пен мемлекет игілігі жолындағы белсенді қызметі Отанға қызмет етудің жарқын үлгісіне айналды, – деді Д.Ахметов. Салтанатты жиын өңір тұрғындарының «Астана опера» театрының әншілері А.Каримова, М.Чотабаев және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Ткач, Қазақстанның халық әртістері, ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің академиялық хоры, «Инкоро», «Аллегро» топтары мен «Пируэт», «Жастар» хореографиялық ансамблдерінің қатысуымен өткен «Бір ел – бір тағдыр» атты мерекелік концертті тамашалауымен жалғасты. Шығыс өңірінде Тұңғыш Президент күніне орай 150-ден астам шара өтті. Мазмұнды бағдарлама аясында қысқы спорт түрлерінен кешенді жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен бірге, Өскемендегі №7, №44 орта мектептерде хоккей қорапшалары ашылса, Комсомол аралында «Шаңғы-2017» бұқаралық акциясы, ал Мұз модулінде хоккейден «Жұлдызша» ойындары өтті. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»