• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2016

Ақтөбеде жаңа балабақша ашылды

254 рет
көрсетілді

Тұңғыш Президент күніне орай, Ақтөбеде 320 орындық балабақша ашылды. Жаңа балабақшаның салтанатты ашылуына облыс əкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Жаңа бақшаның құрылысын «Нектар» өндірістік кооперативі жүргізді. Жеке кəсіпкердің көмегімен салынған нысан екі қабатты. Жалпы аумағы – 6,5 мың шаршы метр. Балаларға арналған жаңа бақшада кішкентай бүлдіршіндер үшін барлық жағдай жасалған. «Бүгін ақтөбеліктер үшін ерекше күн. Кең де заманауи бақшаның ашылу салтанаты Тұңғыш Президент күніне орай өтіп жатыр. Бұл балабақша 800 млн теңгеге салынды. Егер мемлекеттік бюджетке салынса, мұндай қаржы жұмсалмас еді. Мемлекетке көмек көрсететін кəсіпкерлер көбейсе, еліміз де гүлдене түседі», – деді Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев.