• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2016

«Еуразия барысы»: Қазақстан құрамасы чемпион атанды

235 рет
көрсетілді

Бүгін «Алматы Арена» стадионында Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Еуразия барысы» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы чемпион атанды. Ақтық сында ел командасы моңғолиялықтармен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Сайысқа 8 елден барлығы 130 спортшы қатысты. Жерлестеріміз алғашқы белдесуде Польша балуандарын 7:0 есебімен ойсыра ұтқан болса, жартылай финалда грузиялықтардан 6:2 есебімен басым түсті. Ал Моңғолия командасы бірінші кезекте тәжіктерді 4:3 есебімен ұтып, жартылай финалда Украинаны 6:2 есебімен қапы қалдырды. Турнир жеңімпазына 10 миллион теңге, екінші орынға 6 миллион теңге, ал үшінші орын алған Грузия балуандарына 4 миллион теңге табысталды. Айта кетейік, бұл бәсекеде 55 келіде – Марат Нығыматұллаев, 60 келіде – Ержан Мағауинов, 66 келіде – Бақдәулет Сәбитов, 74 келіде – Aйдос Ғалымов, 82 келіде – Дәулет Пахриддинов, 90 келіде – Айбол Айтбек, 100 келіде – Мұхит Тұрсынов, + 100 келіде – Айбек Нұғымаров ел намысын қорғады.