• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2011

Екіжақты кездесулер өткізді

294 рет
көрсетілді

Бұрнағы күні Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Нью-Йоркте бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады еліміз СІМ-інің бас­пасөз қызметі. Атап айтқанда, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – Африка жөніндегі Арнайы кеңес­шісі, онша дамымаған және да­мушы, шағын аралды және теңіз­ге шықпайтын мемлекеттер жө­нін­дегі Жоғарғы өкілі С.Диарра Шейкпен кездесу өткізді. Әңгіме барысында тараптар 2013 жылы 10 жыл толатын көлік және транзит саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Алматы жобасының орындалу үдерісіне қанағат­та­натын­дықтарын білдірді және 2012 жылы Қазақстанда теңізге шықпайтын мемлекеттердің сауда мәселелері бойынша әрекеттесу жөнінде жоғары деңгейде министрлік кездесуін дайындау жұмыс­тары жайында ой бөлісті. Е.Қазыхановтың ИЫҰ Бас хатшысы Экмеледдин Ихсан­оғлы­мен кездесуінде ИЫҰ-ны жаңғыр­тудағы бірлескен тиімді жұмыстар құпталып, ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің жыл сайынғы Нью-Йорктегі кездесуінде қарала­тын мәселелер сөз болды. Палестина, Таяу Шығыс және Сол­түстік Африкадағы ахуал мен Африканың ашаршылыққа ұшы­раған елдерінің мәселелері қарас­тырылды. Бұл мәселелер Қазақ­станның төрағалығымен өткен ИЫҰ Атқарушы комитетіне мүше мемлекеттер сыртқы істер минис­трлерінің бейресми кездесуінде де назарда болған еді. ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ирина Боковамен кездесуінде отан­­дық СІМ басшысы жиырма бес жыл жүргізіліп келе жатқан сәтті ынты­мақтастыққа қанағат білдіріп, алда­ғы уақыттағы қа­рым-қатынастың үлкен әлеуетін атап өтті. Ол И.Боковаға Қазақ­станның ЮНЕСКО шеңберін­дегі бастама­ларына қолдау көрсетіп келе жатқанына ризашы­лығын жеткізді. Министр, сондай-ақ 2012-2022 жылдар­дағы Халық­ара­лық мәде­ниет­тің 10 жылдығына арнал­ған қазақстан­дық қарар жоба­сына қол­дау болатынына сенім білдірді. Сол күні Е.Қазыханов Индонезия, Шри-Ланка, Грекия, Италия, Мысыр елдерінің сыртқы саясат ведомстволары басшыла­рымен кездесу өткізді.