• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

ОПЕК-ке кірмейтін елдер бөлек бас қосуы мүмкін

298 рет
көрсетілді

Венесуэла президенті Николас Мадуро мұнай нарығын тұрақтандыру бағытында 10 жылға арналған стратегия дайындау үшін ОПЕК ұйымына кірмейтін елдердің мемлекет және үкімет басшыларының саммитін ұйымдастыруды ұсынып отыр, деп хабарлайды naryk.kz. Мадуро сонымен қатар өзінің Ресей президенті Путинмен болған әңгімесі туралы да айтып берді. Оның сөзінше, әңгіме барасында мұнай нарығын тұрақтандыру мен әлемдік мұнай өндіру көлемін қысартумен байланысты қараша айындағы келісімге қатысты мәселелер сөз болған. ОПЕК мәжілісі 30 қараша күні қаңтар айынан бастап, мұнай өндіру көлемін 1,2 миллион баррельден 32,5 миллионға дейін қысқарту жөніндегі шешіммен аяқталған болатын. Келісім талаптары бойынша, картельге кірмейтін елдер мұнай өндіру көлемін тәулігіне 600 мың баррельге қысқартуы керек. Бұл көлемнің жартысын Ресей қамтамасыз ететін болды. ОПЕК мұнай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Венаға 10 желтоқсан күні ұйымға мүше емес 14 мемлекеттің өкілдерін шақырды.