• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2011

Жаңа…

251 рет
көрсетілді

...ескерткіш ашылды Кеншілер шаһары – Шахтинскіде бұдан былай қарай да­нышпан ойшыл Абай мүсіні ор­та­лық алаңда еңселеніп тұра­тын болды. Ол Шахтерлер кү­нін­де ашылды. Онымен іргелес Абай қаласында да ұлы ақын­ның жаңадан әсемделген ескерткіші соның алдында бой көтерген еді. Аймақта халықтың айтулы тұлғаларын есте тұту қастерлі парыз саналады. Таяу арада Қа­ра­ғандыда Қаз дауысты Қазы­бек би мен Қаныш Сәтбаев ескерткіштері орнатылғалы тұр. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды.   ...бастауыш мектеп оқушыларды қабылдады Қызылқоға ауданындағы ша­ғын ауылдың бірі – Жамансор. Атырау – Ақтөбе бағытындағы темір жол бойынан орын тепкен бұл ауылда 87 отбасы тұрған­мен, олардың балалары білім алатын мектеп жоқ болатын. Сол себептен ауыл балалары Мақат ауданының Доссор кентіндегі мектептерге қатынап оқи­тын еді. Енді бұл ауыл ба­лалары сол қиындықтан құты­лып, елді мекенде ашылған бас­тауыш мектепте оқуға мүм­кіндік алды. – Облыс әкімінің қолдауы­мен 60 орындық бастауыш мектеп құрылысына 37 миллион теңге бөлінген еді, – деді аудан әкімі Берікқали Сәрсенғалиев Жамансор ауылында пайда­ла­ну­ға берілген білім ордасының ашылу салтанатында. Шағын болса да жаңа бас­тауыш мектептің ашылуымен 22 оқушы партаға отырды. Бұ­лар­дан өзге мектепалды дай­ын­дық тобына 28 бала, ал шағын орталыққа 12 балдырған қа­был­данды. Мектепте 7 мұғалім жұмыс жасай бастады. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.   ...сот ғимаратына айналды Тайынша аудандық сотының әбден тозығы жеткен бұрынғы ғимаратына күрделі жөндеу жүр­гізіліп, іші-сырты адам та­нымастай өзгеріп шыға келді. Судьялар жайлы бөлмелерге орналасты. Жаңа ғимараттың ашылу рәсіміне облыстық сот­тың төрағасы Н.Әбдіқанов пен аудан әкімі А.Маковский қа­тысып, судьялардың қуаны­шы­на ортақтасты. Нұрғазы Әбен­ұлы биыл Шал ақын, Уәли­ха­нов, Мамлют аудандарындағы сот мекемелері қалпына келтіріліп, облыс орталығындағы әді­лет үйі жаңартылғанын, мұндай шаралар алда да жалғаса беретінін жеткізді. Н.Әбдіқанов Келлеров кентінде орналасқан №2 сотында болып, арыз-шағым айта келген адамдарды қабылдады. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.