• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2011

Басталды!

278 рет
көрсетілді

Алматыда еліміздің мәдени өміріндегі ең ауқымды шара – VII халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды. Қызыл кілем үстіндегі айтулы қонақтардың, отандық кино саңлақтары мен ардагерлерінің шеруімен шымылдығын түрген дәстүрлі оқиға бұл жолы Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтті. Алтын күзде есігін ай­қа­ра ашқан жетінші фести­валь­дің салмағы мен сал­танатын Джон Кьюсак, Чак Рассел, Сигурни Уивер, Настасья Кински, Елена Корикова, Владимир Еремин, Вадим Колганов сынды та­ныс­тыру мен мадақтауды қажет етпейтін киносаңлақтар арт­ты­рып отыр. Мұнан да бөлек, фестивальға 25 елден 130-ға жуық кинематография өкіл­де­рі жиналды. Жыл сайын еліміздің ки­нематографиясын бір серпілтіп өтетін кезекті фестиваль Елба­сы­ның құттықтауымен бас­тал­ды. Мемлекет басшы­сы Нұр­сұлтан Назарбаевтың Жол­дау­ын Мәдениет минис­трі Мұх­тар Құл-Мұхаммед жеткізді. Осы арада мемлекетіміз отандық кинематографияны дамытуға аз қаражат бөліп отырмағанын бөле-жарып атап өтуге тиістіміз. Бұл сала қазір қай жағынан болса да қолдаудан кенде емес. Қалғаны – өз режиссерлеріміз бен актерлеріміздің қия­лы мен қабілетінің құзы­рында. Сондықтан да «Қазақ­фильм» АҚ президенті Ермек Аманшаевтың:  «Еуразия» жыл асқан сайын ау­қым­ды бола түсуде. Ол елеулі, әріптестік және іскерлік алаңына айналып келеді. Би­ылғы жылы құрметті қонақ­тардан басқа оған Канн, Берлин, Венеция халықаралық кинофестивальдарының бағ­дар­ламалық директорлары да келді. Қазақстандық кине­матографистердің басты ар­ма­ны – «А» санатындағы ха­лықаралық байқауларға қа­ты­су. Бұл «Қазақфильм» ки­ностудиясының да алдына қойған басты мақсаты», – деп сөз саптауы бекер емес. Фестивальдің іріктеу ко­миссиясы осыдан екі апта бұ­рын байқауға қатысатын туындылар тізімін жария еткен болатын. 40 туындының арасынан 12 фильм іріктеліп алынғаны аян. Олардың қа­тарында Румынияның «Кө­ңіл­дес», Иранның «Өтіне­мін, мазалама», Қазақстанның «Шуақты күндер», «Риэл­тор», Исландияның «Жанартау», Қырғызстанның «Ма­хаб­батты мойындау», Ре­сейдің «Бәдәуи», «Өзге аспан», Францияның «Алыс көрші», Өзбекстанның «Қор­ғасын», Филиппиннің «Бусонг» және Қазақстан мен Жапония режиссерлері бірлесіп түсірген «Найзағайдан бұрын» фильмдері бар. Алдағы уақытта бұл туындыларды ФИПРЕССИ және НЕТПАК киносын­шы­лары бағалайтын болады. Үз­дік төрт туынды халық­ара­лық қазылардың сыйлы­ғын иеленсе, екі фильм ФИПРЕССИ және НЕТПАК ма­рапатын жеңіп алмақ. Биылғы жылы фестиваль бағдарламасында маңызды өз­ге­рістер орын алып отыр­ға­нын бұған дейін де баян­да­ған­быз. Соңғы жылдары бай­қауға Орталық Азия ел­де­рінің фильмдері ғана қа­тысып келген-ді. Енді «Еуразия» фестивалінің аясы кеңейіп, ауқымды байқауға ай­налды. Онда Еуропа, Азия, ТМД елдері мен қазақ­стандық туындылар бақ сынайтын болады. Салтанатты ашылудан кейін Егор Михалков-Кон­чаловскийдің «А»-ға оралу» фильмі көрсетілді. Ал фестивальдің жабылу салтанаты 24 қыркүйекте өтеді. Қандай фильмдердің ең үздік деп танылғаны да сол күні белгілі болмақ. Айнаш ЕСАЛИ, Алматы. Суреттерді түсірген Кәрім ҚАДЫРБАЕВ.