• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2011

Алда атқарылатын шаралар баяндалды

229 рет
көрсетілді

«Жұмыспен қамту-2020» бағ­дарламасын жүзеге асыру мәсе­ле­леріне арналған облыстық ко­мис­сияның мәжілісінде жұмыс­сыз­дар санын азайту, тұрақты жұмыс орындарын ашу бағы­тында атқарылған шаралар са­рапқа салынды. Облыстық жұ­мыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Асқар Сақыпкереев ұш­қыр жоба бойынша атқарылатын шараларды баяндады. Жыл аяғына дейін 7000 адамды жұмысқа орналастыру белгіленген. Ол үшін елді мекендердегі ықтимал қатысушы­лар­дың есебі жасалып, жұмыссыз және аз қамтылған жандарды оқыту, ыңғайлы ма­мандықтарға баулу, жергілікті жерлерде кәсіпкерлікті өрістету, еңбек ре­сурстарының ұтқырлығын арт­тыру ісі қолға алынған. Әлеуметтік жұмыс орындарына 400-ден астам адам жіберілген. Бір мыңға тарта адам 45 мамандық бойынша кәсіптік шеберліктерін жетілдіруде. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.