• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
22 Қыркүйек, 2011

Тәуелсіздіктің нәтижесі

482 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының атына Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданының тұрғындарынан хат келді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Хат иелері Қазақстанның іргелі мемлекет ретінде қалып­та­суы мен дамуы Тәуелсіздіктің нәтижесі екенін атап өтеді. Одан әрі авторлар: «Ұлы Далада жаңа, тұрақты, қуатты мемлекет құрылды. Еліміздің іргесін бүтіндеп, шекарамызды бекемдедік. Экономикалық әлеуетіміз бен мәдениетіміз, дініміз бен салт-дәстүріміз еселеп артып, Отанымыз береке мен бірліктің киелі мекеніне айналды», деп жазады. Мемлекет басшысына зор табыс, ел игілігі жолындағы қыз­метіне сәттілік тілеген ұжым­дық хатқа Төлеби ауда­нының құрметті азаматтары: З.Ташев, Қ.Оңғаров, Е.Тұр­ғынбеков, соғыс ардагерлері: Ө.Сахов, Ә.Сансызбаев, Қ.Нұс­қабаев, Ж.Түктібаев, т.б. қол қойған.