• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Қыркүйек, 2011

Қулығына құрық бойламайтын кеденшілер тауықтың етін «сәбізге» қалай айналдырып жүр?

406 рет
көрсетілді

Кеден департаменті қызметкерлерінің мәліметі бой­­ын­ша, бүгінгі таңда Жамбыл облысының сыртқы тауар айналымы 997 млн. 680 мың АҚШ долларына жеткен. Оның ішінде экспорт 768 млн. 980 мың АҚШ долларын, ал импорт 228 млн. 700 мың АҚШ дол­ла­рын құраған. Дей тұрғанмен, облыста эконо­микалық контрабанда өзекті мә­селеге айналып отыр. Бүгінге дейін облыс бойынша 49 эко­но­ми­калық контрабанда  қылмысы тіркеліпті. Оның ішінде кеден ор­ган­дары 34 млн. теңгеге қатысты 15 қылмыстық іс, қаржы полициясы органдары 40 млн. теңгеге қа­тысты 23 қылмыстық іс қозғаған. Облыстық прокуратура орган­да­ры 15 тексеру жүргізіп, анық­тал­ған 28 заң бұзушылық бойынша 12 ұсыныс енгізсе, 21 тұлға әк­імшілік жауапқа тартылған. Со­ны­мен бірге, экономикалық кон­тра­банда дерегі бойынша 250 млн. теңгеге қатысты 12 қыл­мыс­тық іс қоз­ғал­са, оның ішіндегі 2 қылмыстық істің кеден қызмет­кер­леріне қаты­сы бар. Қазіргі таңда өкілетті органдар қарау­ын­да заң бұзу­шы­лықты жою және кінәлі лауазым­ды тұлғаларды сы­бай­лас жемқ­ор­лық бойынша жау­апқа тарту ту­ралы 6 ұсыныс қаралуда. Мына «қызықты» қараңыз. Қордай аудандық прокурату­расы­ның тексеруі барысында «Каз­Эк­симГруп» ЖШС-не тиесілі қой­ма­лардан 18 ірі жүк автокө­лік­те­рі­не тиелген мұздатылған тауық ет­тері табылған. Тауар иелері жүк­ті «Қордай» кеден бекеті ар­қылы «сәбіз» ретінде рәсімдеп, мемлекеттік шекарадан алып өт­кен. Алынған тауардың орташа құ­ны 180 млн. теңгеден асқан. Бү­гінде бұл іс бойынша алдын-ала тергеу амалдары жүргізілуде. Республика аумағына контра­бан­далық тауарларды кедендік бе­кеттер басшыларымен «келісімге» келу арқылы ғана емес, со­нымен бірге басқа «жолдар» ар­қылы да тасымалдау орын алуда. Мысалы, жақында Жамбыл ау­да­нының аумағында 1300 кило бо­латын үй құстарының еттерін тиеген «кәсіпкерлер» ұсталды. Атал­ған тауарларды олар Гродиково ауылының маңындағы канал ар­қылы тасымалдауды жүзеге асы­рыпты. Сондай-ақ, көрші мемлекетке заңсыз жанар май тас­ы­мал­дауды пластикалық құбырлар ар­қылы жүзеге асыратын «шеберлер» де бар екен. Прокуратура органдары мен басқа да құқық қорғау органдары экономикалық контрабандаға тікелей қатысы бар тұлғаларды, сондай-ақ ел аумағына контра­бан­далық жолмен тасымалданған тауарларды сақтайтын қойма, үй, автокөлік тұрақтарын да тексеруде. Мысалы, облыстық прокура­ту­раның жедел іздестіру шарасы бойынша қаржы полициясының қызметкерлері Жамбыл станса­сы­ның аумағында «Ника» ЖШС-не тиесілі темір жол шектеуінде маневрлік тепловоз және екі жабық вагонды анықтады. Аталған ва­гон­дарды қарау кезінде, оның ішінен 122 740 кило мұздатылған құс еттері табылды.  Тексеру ба­рысында аталмыш маневрлік тепловоз еш­қандай рұқсат құжа­тын­сыз Жам­был стансасы аума­ғынан шығып, Қырғызстан елі аумағындағы Жу­антөбе стан­са­сы­на барып, аталған тауарларды еш кедергісіз тиеп алып келгені ан­ықталды. Жақында кеден заңнамасының мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың экономикалық контрабанда қылмыстары мен құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы шараларын қол­да­нуы  бойынша облыстық проку­ратурада алқа мәжілісі болып өтті. Онда құқық қорғау орган­да­рына, экономикалық контрабанда «қызығына» түскен тұлғаларды анықтау, тауарларды заңсыз та­сы­малдау жолдарын, контра­бан­да­­ның жасалуына көмектескен, ық­пал жасаған лауазымды тұлғал­ар­ды анықтаудың тиімді тәсілдері мен әдістерін  қарастыруға нұсқау берілді. Қаржы полициясына ай­мақтағы экономикалық  қауіп­сіз­дікті қамтамасыз етуі ахуалының төмендігі атап көрсетілді. Об­лыс­тағы шекаралас аудандарда ор­наласқан полицияның учаскелік инспекторларының жұмысын тиімді   ұйымдастыру талап етілді. Республиканың мемлекеттік шек­арасын қорғауды жүзеге асыра­тын әскери бөлімдердің командирлеріне, мемлекет шекарасын кесіп өтудің кез келген әрекетін тоқтатуды, экономикалық контрабанда мәселесі жөнінде өзге де мемлекеттік органдармен тығыз байланыста болу айтылды. Санитарлық-эпидемио­логия­­лық, ветеринарлық және салық қызметтеріне облыс аумағына тиісті құжаттарсыз тасымалданған тауарлар мен азық-түліктерді өт­кізу мәселелері бойынша тексеруді жүйелендіру жұмыстарын жүр­­­гізуге нұсқау беріліп, олардың са­пасына, салықтың және өзге де төлемдердің мемлекеттік бюджетке уақтылы өндірілуіне баса назар аудару атап өтілді. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.