• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 10:48

Олжас Бектенов: Азаматтардың табысын арттыруға баса назар аударылады

20 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономиканы одан әрі әртараптандыру жөніндегі тәсілдер қаралды, оның ішінде азаматтардың табысын арттыруға баса назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген Президент тапсырмаларын орындау бойынша экономиканы одан әрі әртараптандыру жөніндегі тәсілдер қарастырылып жатыр.

«Мемлекет басшысы біздің алдымызға өнімділікті арттыру және технологиялық жаңару есебінен өсімді қамтамасыз ету міндетін қойды.Бұл экономикалық саясатты түпкі нәтижеге, яғни халықтың табысын ұлғайту және экономикалық дербестікті нығайтуға қарай бағыттауға мүмкіндік береді. Дәл осы тұста өңдеу саласын әртараптандыру және оны белсенді дамыту маңызды рөл атқарады», деп атап өтті Премьер-министр.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов халық табысының өсуін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Онда азаматтардың табыс деңгейінің артуы экономиканың өсу қарқынына сәйкес келмейтіні атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар