• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
23 Қыркүйек, 2011

«Астана» атын иемденген зейнетақы жүйесіндегі жаңа қор салымшылар аманатын ақтай ала ма?

244 рет
көрсетілді

Еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне жаңа имиджге ие ойыншы  «Астана» жи­нақ­таушы зейнетақы қоры» АҚ қосылғанына да көп бола қойған жоқ. Нарықтың екі қатысушысының бірігуі нәтижесінде құрылған «Астана» жи­нақ­таушы зейнетақы қоры үстіміздегі жыл­дың тамыз айында ғана іске кірісті. Осыған қарамастан, «Еура­зиялық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ пен «Аманат-Қазақстан ЖЗҚ» АҚ бірігуі нәтижесінде пайда болған «Астана» ЖЗҚ» АҚ алғашқы айдың өзінде табыс­­­­­­­тылығы жағынан еліміздегі зей­нет­ақы қорларының алдына шыққан. Бұл туралы және өзге де елдегі зей­нет­ақы жүйесіндегі жаңалықтар туралы жуырда өткен баспасөз мәслихатында кеңінен сөз болды. Осы арада елімізде біріккен зей­нетақы қор­лары әлсіз қорларды «жұ­тып» қойғанын айта кету қажет. Бә­секелестік ортада бұл қалыпты жағ­дай. Уақыт жинақтаушы зейнетақы қор­ларын өз екшеуінен өткізіп жат­қа­нына салым­шылар да куә болуда. Бү­гінде зейнетақы қорларының бірігуі тосын оқиға емес, салымшылар үшін олар­дың қызметінің ашықтығы мен сенімділігі көкейкесті болып отыр. Дегенмен, бірден-ақ көшбасшылық қағиданы ұстанған жаңа зейнетақы қо­ры жұмысын инвестициялық табысты­лық­пен бастап отырғаны бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) өкілдері тарапынан үлкен қызығушылық туғы­зуда. Демек, бұл келешекте салым­шы­лардың мүддесін оятады. Қысқасы, тамыз айында «Астана» қорындағы салымшылардың зейнет­ақы жинақтарының инвестициялық кірісі (К2-12) 7,52 пайызды құрады. Ал на­рық­тағы орташа көрсеткіш – 5,05 пайыз. Нарықтағы екі қатысушысының бірігуі бірден-ақ «Астана» қорының са­лым­шыларының санын еліміздегі зей­нет­ақы жүйесіндегі төртінші орынға шығарған. Қазақстан Бақылау Комитеті мәліметтері де аталмыш қор на­рық­тың ірі қатысушысы деңгейіне көте­ріл­генін айғақтайды. Яғни, 01.08.2011 жыл­дың жағдайы бойынша Қордың ак­тивтері 128 миллиардтан астам тең­гені, салым­шылар саны 547 мың адам­ды құраған. Сондай-ақ қордың беделін көтеріп, көшбасшылық рөлге ие болу үшін акционерлер түпкілікті өзгерістерге ба­рып отырғанын айта кеткен жөн. Ребредингті жүзеге асыру нәтижесінде құрылған «Астана» атауы да жаңа қор­ға үлкен жауапкершіліктер жүктейді. Елорданың атын иемденген Қор са­лымшылардың сенімінен шыға ала ма? Мұны келешек көрсетеді десек те, бү­гін еңбек етіп, ертең оның зейнетін көруге үміттеніп отырған салымшылар елдегі жинақтаушы зейнетақы қор­ла­ры­ның барлық әрекетінен хабардар бо­лып, ақи­қатқа құрылған ақпарлар алып оты­руға құқылары бар. Баспасөз мәслихаты кезінде «Астана» Қоры Директорлар кеңесінің төр­айымы, «Орталық Азия Отын-Энер­ге­тикалық Компаниясы» АҚ президенті Гүлнара Артамбаева: – «Астана» Қорының стратегиясын анықтаудағы басты фактор бірігу идея­сы болған. Себебі екі қордың са­лым­шылары біздің клиенттеріміздің санын құрайды. Бизнестің операциялық құ­­рам­дасындағы екі команда, екі тарихи жеке бағыт біріккендіктен, біздің міндетіміз жаңа Қорға сол екі құ­­ры­лым­ның оңды тәжірибесін, оларға тән ең жақсы қасиеттерді енгізіп, салым­шы­­лар мүддесі үшін оларды көбейту бол­ды. Қарқынды дамудың нәтижесінде бүгінде «әлем картасы» деңгейіне жетіп, қазақстандықтардың ортақ мақта­нышына айналған, еліміздің жетістік философиясының айқын көрінісі бо­­лып табылатын елордамыз Аста­на­ны Қор­дың символы ретінде алдық, – деді. Г.Артамбаеваның айтуынша, біріктірілген Қордың ребредингі компа­ния­ның сыртқы бейнесі мен атауын өз­гер­тумен шектелмейді. Қорда қазіргі заманғы тиімді технологиялық шешімдер енгізілуде. Олар салымшыларға қыз­мет көрсетудің сапасын арттырып, сенімді әріптестік қарым-қатынас құ­руға мүмкіндік бермек. Журналистердің жаңа қорға қа­тыс­ты сауалдарына түсініктемелер берген «Астана» ЖЗҚ Басқарма төр­аға­сы Андрей Карягин: – Тамыз айында инвестициялық табыстылық жүйесіндегі ең жоғары көрсеткіш – 7,5 пайыз деңгейіне көте­рі­лу Қордың бастапқыда таңдалған жә­не жан-жақты ойластырылған сапалы ин­вестициялық стратегиясының логи­калық нәтижесі болып табылады, – деді. А.Карягин жаңа Қор аса ма­ңыз­ды мәселелерге назар аудара отырып, ин­вестициялық портфельдің мөлдірлігі мен басқару нәтижелерінің барынша тұрақты болуын қамтамасыз етуде жүйелі тә­сілдердің барлығын қолдана­тындық­тарын атады. Сол сияқты сенімді стратегиялық серіктестік те бұл жерде үлкен рөл ат­қар­мақ. Осы тұрғыдан алғанда, «Астана» ЖЗҚ» АҚ «Сбербанк» ЕБ» АҚ-пен бірегей стратегиялық серіктестік ту­ра­лы мәмілеге келген. Бұл келісім ая­сын­да Қор салымшылары талабы жоғары клиенттеріне түрлі мүмкіндік туғызып беретін бірлескен өнімдерге қол жеткізбек. Атап айтқанда, жылдық 10 пай­ыз­бен және 10 пайыздық ең төменгі са­лым барысында 10 жылға берілетін ипотека «Ондыққа тигіз!» бірегей ұсы­ныстар пакетінің бір бөлшегі болып табылады. Демек, Қор салымшысы «Сбербанк» ЕБ» АҚ клиентінің кар­тасын да қосымша иелене алады. – Біз үшін бірегей серіктестік жо­лымен әрекет етудің мәні зор. Өзі­міз­бен көптеген жылдар бойы іскерлік қарым-қатынас жасап жүрген қордың акционері және біздің серіктесіміз «Орталық Азия Отын-Энергетикалық Ком­паниясы» АҚ-ты ерекше атап өт­кім келеді. Шынайы әріптестікке негізделген жоспарлар үне­­мі стратегиялық тұрғы­да тоқтаусыз ұл­ғай­ып тұруымен сипат­талады. Осы тұр­ғыдан алғанда, біздің серіктесіміздің жо­ғары беделі, корпоративтік мәдениетінің ұқсастығы «Сбер­банк» ЕБ» АҚ-тың бүкіл ко­ман­дасы үшін өте жақсы үлгі болып отыр, – дейді «Сбербанк» ЕБ» АҚ Басқар­ма­ төрағасы Олег Смирнов. Сонымен, еліміздегі зейнетақы жү­йесінде пайда болған жаңа Қордың жоспарлары мен келешегін «Орта Азия­­лық Отын Энергетика Компа­ния­сы» АҚ президенті Гүлнара Артамбаева қорытындылады. – Біз үшін зейнетақы бизнесі – ұзақ мерзімді өсімнің ресурсы және тиімді бизнесі болып табылады, – дегенді алға тартқан Артамбаева ханым «Астана» ЖЗҚ» АҚ нарыққа ұзақ мерзімге және сенімді де салиқалы жұмыс істеуге келгенін айтады. Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.