ДАИШ террорлық ұйымы Ауғанстан астанасының орталығында болған жарылысты өз мойнына алды. Бұл туралы trt.net.tr хабарлады.
Ел әскерінің сақтығы мен ерлігінің арқасында жарылғыш зат орнатылған автомобиль «жасыл аймаққа» кіре алмаған. Нақтырақ айтар болсақ, «жасыл аймақта» бірнеше елдің дипломатиялық өкілдері орналасқан.
Айта кетейік, террорлық шабуыл салдарынан 50-ге жуық адам қаза тауып, 150 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды. Зардап шеккендердің қатарында екі Қазақстан азаматы бар.