• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Маусым, 2017

Тараздың барлық жерінде бір мезетте Мемлекеттік Гимн орындалды

577 рет
көрсетілді

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай, Тараз қаласындағы «Достық» алаңынан бастап Төле би даңғылы бойындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағына дейін мерекелік шеру ұйымдастырылды.

 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай, Тараз қаласындағы «Достық» алаңынан бастап Төле би даңғылы бойындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағына дейін мерекелік шеру ұйымдастырылды. Оған облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған жергілікті мемлекеттік қызметшілер, ардагерлер мен спортшылардан құралған барлығы жеті жүзден астам адам қатысты. Сондай-ақ, ел рәміздерінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шара барысында шеру құрамында болған Қазақстанда жасалған 25 автокөлік пен 25 велошабандоздар да қала тұрғындарының көзайымына айналды. Бірнеше шақырымды жаяу жүріп өткен шеру құрамындағылар патриоттық рухта әңгімелер айтып, жастарды ел рәміздерін әрдайым құрметтеуге шақырды. Ал әскери қызметшілердің Мемлекеттік Ту, Елтаңба сияқты құндылықтарымызды қастерлеп, жоғары көретіп жүрулері де шеру көркін аша түсті.    Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағына жеткен шеру құрамындағы азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындады. Сондай-ақ, шеру соңы облыс өнерпаздарының қатысуымен «Менің Қазақстаным!» атты мерекелік концертке ұласты.   Бұдан бөлек, «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің спорт кешені, орталық Т.Рысқұлов саябағы, облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернаты, Темір жол бекеті және автобекет, «Ауыл-Береке» және «Атакент» базарлары, халықаралық «Әулиеата» әуежайы, сондай-ақ өзге жерлерде де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің бір мезетте орындаулары өтті. 

Хамит Есаман, «Егемен Қазақстан» 

Жамбыл облысы