• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Бағдарламалар 05 Маусым, 2017

Мәдени байланыстардың шекарасы кең

712 рет
көрсетілді

Елордадағы «Рэдиссон САС» қонақүйінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер мәдениет министрлерінің 14-ші кеңесі өтті. Оған еліміздің Мәдениет және спорт министрі мен Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан және Иран елдерінен өкілдер қатысып, ұйым аясындағы мәдени ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Мемлекетаралық сұх­бат­тың маңыздылығы мен тиім­ділігін атап өт­кен елі­міздің Мәдениет және спорт министрі А.Мұха­медиұлы Шан­хай ынтымақтастық ұйымын ең серпінді дамып келе жатқан құрылым ре­тінде бағалап, оның жұмыс істе­ген 16 жыл ішінде мемлекет­тердің экономикаларын ны­ғайту мен аймақ қауіпсіздігін сақтауға зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.  «Мәдениет саласы мемлекеттер арасындағы әріп­тестікті нық байланыстырушы күші мен өзара әрекет­тесудің негізіне айналуы керек. Табысты мемле­кеттің мәдени саясаты жасампаз құндылықты бағдарларды құру негізінде қоғамның тұ­рақты дамуына бағытталуы тиіс және қоғам мен мемлекет өмірінің барлық маңызды ас­пек­тілерінің сапалы өлшеу кү­ші», деді министр өз сөзінде. Халықаралық ұйымға қа­ты­сушы мемлекеттер өкіл­дері мәдениет және өнер саласындағы ынты­мақ­тас­тықтың нәти­желерін кеңінен талқылады. Олар соңғы бір-екі жыл көле­мінде өз ел­де­рінде өткізілген бір­неше ма­­ңыз­ды шараларды алға тарт­­ты. Тараптар ШЫҰ-ға мү­ше елдер үкіметтерінің ара­­­сында жасалған Мәде­­ниет саласындағы келі­сім мен ШЫҰ мәдениет министр­лерінің өткен кездесулерінде қол жеткізілген келіссөздерді жүзеге асыру барысы туралы пікір алмасты. Жиынның қорытын­ды­сында ШЫҰ мәдениет министр­лері тиісті құжат қабыл­дады. Құжатта қатысу­шы­лар халықаралық ұйым ара­сында көпжақты және екі­жақты мәдени байланыстарды одан әрі жалғастыру, өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту, көп ғасырдан бе­рі сақталып келе жатқан мә­дениет пен дәстүрлер туралы ақпараттарды белсенді та­ратуды қамтамасыз етуге бірлескен ниеттерін білдірді. 

Айгүл СЕЙІЛОВА,     «Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген  Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»