• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Бокс 10 Маусым, 2017

Президент Кубогы. Жеңімпаздар белгілі болды

231 рет
көрсетілді

Астанада бокстан өтіп жатқан ҚР Президенті Кубогы өз мәресіне жетті.

"Дәулет" спорт сарайында өткен додаға Қазақстан, Өзбекстан, Иран, Үндістан, Тәжікстан, Филиппин, Оңтүстік Корея, Украина, Ресей, Моңғолия және Қырғызстан елдерінің боксшылары қатысты.

Додаға ерлер 10 салмақ дәрежесінде сынға түссе, қыздар 3 салмақта жұдырықтасты. 

Бүгін алдымен қыздар арасындағы жеңімпаздар, одан кейін 10 салмақта сынға түскен жігіттердің чемпиондары белгілі болды.

Бас жүлде алған боксшыларға 2 мың, екінші орынға 1 мың, үшінші орын алған боксшыларға 5 жүз АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.

Қыздар арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

51 келі:

1-орын - Назым Қызайбай (Қазақстан) 2-орын - Жайна Шекербекова (Қазақстан) 3-орын - Татияна Кок (Украина) 3-орын Светлана Солуянова (Ресей)

60 келі:

1-орын - Карина Ибрагимова (Қазақстан) 2-орын - Рима Волосенко (Қазақстан) 3-орын - Петикио Нестху (Филиппин) 3-орын - Людмила Оралова (Ресей)

75 келі:

1-орын - Дариға Шәкімова (Қазақстан) 2-орын - Дарима Сандакова (Ресей) 3-орын - Ловина Борджохайн (Үндістан) 3-орын - Фариза Шолтай (Қазақстан)

Ерелер асындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

49 келі:

1-орын - Пукихан Карло (Филиппин) 2-орын - Асхат Жүсіпов (Қазақстан) 3-орын Шалқар Абылайхан (Қазақстан) 3-орын - Мирлан Турбайұлы (Қырғызстан)

52 келі:

1-орын - Азат Махметов (Қазақстан) 2-орын - Олжас Байниязов (Қазақстан) 3-орын - Жәнібек Мусаев (Қазақстан) 3-орын - Аброржан Кадиров (Өзбекстан)

56 келі:

1-орын - Ілияс Сүлейменов (Қазақстан) 2-орын - Фернандез Марио (Филиппин) 3-орын - Жанболат Тілегенұлы (Қазақстан) 3-орын - Жанболат Қадырбев (Қазақстан)

60 келі:

1-орын - Сұлтан Зәуірбек (Қазақстан) 2-орын - Әділет Құрметов (Қазақстан) 3-орын - Серік Теміржанов (Қазақстан) 3-орын - Сүлеймон Латипов (Өзбекстан)

64 келі:

1-орын - Бекдәулет Ибрагимов (Қазақстан) 2-орын - Қуан Қуатов (Қазақстан) 3-орын - Гакбаатар Баярхуу (Моңғолия) 3-орын - Асқар Ерубек (Қазақстан)

69 келі:

1-орын - Садридин Ахметов (Қазақстан) 2-орын - Бобо-Усман Батуров (Өзбекстан) 3-орын - Бекзат Қалметов (Қазақстан) 3-орын - Адилет Батыралиев (Қырғызстан)

75 келі:

1-орын - Әбілхан Аманқұл (Қазақстан) 2-орын - Сапарбай Айдаров (Қазақстан) 3-орын - Ли Донг Юн (Оңтүстік Корея) 3-орын - Манат Өмірзақов (Қазақстан)

81 келі:

1-орын - Бек Нұрмағамбетов (Қазақстан) 2-орын - Хеткун Юанг (Оңтүстік Корея) 3-орын - Нұрдәулет Жарманов (Қазақстан) 3-орын - Еркін Адилбекұлы (Қырғызстан)

91 келі:

1-орын - Василий Левит (Қазақстан) 2-орын - Чаухан Гаурав (Үндістан) 3-орын - Азизи Мохаммад (Иран) 3-орын - Әділет Орынбасаров (Қазақстан)

+91 келі:

1-орын - Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) 2-орын - Нұрлан Сапарбай (Қазақстан) 3-орын - Нұрболат Сермаханов (Қазақстан) 3-орын - Рустамжон Исмаилов (Өзбекстан)