• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Маусым, 2017

Астанада қолжазбалар мен сирек кітаптардың орталығы ашылды

411 рет
көрсетілді

Мәдени мекеме «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрылды, деп хабарлады 24.kz.

Алдағы уақытта бағзы замандардан бүгінгі күнге жеткен көне қолжазбалар мен сирек кітаптарды тереңнен зерттеуге баса назар аударылмақ. Бұл бағыттағы алғашқы қадам ретінде тұрғындар назарына ежелгі қолжазбалар мен сирек кітаптар ұсынылды. «Ұлт мұрасы – ұрпақ қазынасы» атты көрме аясында 100-ден астам бірегей туынды жинақталды. Шағатай, араб, парсы, иврит қарпінде жазылған көне еңбектер 17-18 және 19 ғасырларды қамтиды.

Көрмеге қойылған дүниелердің дені «Ғылыми орда» мемлекеттік ғылыми кітапханасының қорынан әкелінген. Құнды қолжазбалардың қатарында хәкім Абайдың өлеңдері, ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жазбалары, Жаяу Мұса Беркімбаев, Мұхтар Әуезовтің қолжазбалары, сонымен қатар, Абылай ханның Сібір генерал поручигі  Иван Шпрингерге жазған хаты бар. Қожа Ахмет Яассауидің атақты «Даналық кітабы» мен иврит тіліндегі Моисейдің Тора кітабы да жұртшылықтың қызығушылығын тудырды. 

- Біз Ватикан архивін білеміз. Венеция архивін білеміз. Бізге де қатысты көптеген деректерді сол жерден алып келдік. Қазіргі кезде өздеріңіз көріп отырғандай, 7 немесе 13-15 ғасырларда сирек кітаптардың қолжазбалары бүгін, мінеки, орталыққа жинастырып, халыққа көрсетіп жатырмыз. Бұл біздің келешек ұрпағымызға керек, - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.